Лекция 11 Планиметрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Үшбұрыш және оның теңдік



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата14.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#107267
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция-11 Ушбурыштар 2

Теорема. Анықтама. Аксиома. 
Геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы тұжырым 
теорема
деп аталады. 
Теореманың өзіне тән ерекшелігі – оны дәлелдеу керек. Дәлелдеу деген не? Бірінен-бірі 
туындап отыратын талқылаулар арқылы теореманың ақиқаттығына көз жеткізу 
дәлелдеу
деп аталады. 
Ұғымның мағынасын түсіндіретін сөйлем 
анықтама
деп аталады. 
Қарапайым фигуралардың дәлелдеуді қажет етпейтін, ақиқаттығы күмәнсыз негізгі 
қасиеттерінің тұжырымдамалары 
аксиомалар
деп аталады.
 
Бұрыш. 
Нүкте және осы нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура 
бұрыш 
деп 
аталады. Сәулелер бұрыштың қабырғалары деп, ал сәулелерге ортақ бас нүкте бұрыштың 
төбесі деп аталады. 
Бұрыштың екі қабырғасы бір түзудің бойында жатса, бұрыш 
жазыңқы бұрыш
деп 
аталады.
Кез келген бұрыш жазықтықты екі бөлікке бөледі. Егер бұрыш жазыңқы бұрыш
болмаса, онда бұрыш қабырғалары арасындағы бөлік бұрыштың ішкі аймағы деп, ал басқа 
бөлігі сыртқы аймағы деп аталады. 
Бұрышты қақ бөлетін сәулені 
биссектриса
деп атайды. Бұрыштардың градустық 
өлшемдері тең болса, олар тең бұрыштар деп аталады. 
Бұрыштарды өлшеудің негізгі қасиеттері: 
1. Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустық өлшемі болады. 
2. Жазыңқы бұрыш 

180
-қа тең.
3. Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштың қабырғаларының арасы арқылы 
өтетін кез келген сәулемен бөлінген бөліктерінің градустық өлшемдерінің қосындысына 
тең. 
Бұрышты өлшеп салудың негізгі қасиеті:
Кез келген сәуледен бастап, берілген жарты жазықтықта, градустық өлшемі 

180
-
тан кіші берілген бұрышты өлшеп салуға болады. Ол бұрыш тек біреу ғана болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет