64
2.
Ғұсылы жоқ адам мешіттен шығып тазаланып келуі тиіс;
3.
Иғтикафқа кіру үшін ниет етуі қажет. Ниетсіз иғтикаф
саналмайды;
4.
Иғтикаф мешіт немесе соған ұқсас жерде болуы керек.
Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Иғтикаф
жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады», –
деген. Ал әйелдер өз үйінің
бір бөлмесін мешіт етіп, сол
жерде иғтикафта отыра алады;
5.
Уәжіп иғтикафқа кірген
адамның аузы берік болуы
керек. Қателесіп аузын ашуы иғтикафқа кері әсерін
тигізбейді. Сүннет иғтикафта ораза шарт емес. Иғтикафқа
отырғысы келген әйел әуелі күйеуінен рұқсат алуы тиіс.
Сұрақ:
Иғтикафтың қандай әдептері бар?
Жауап:
Рамазанның соңғы он күнінде
иғтикафқа кіру,
иғтикаф кезінде жаман сөз сөйлемеу, Құран,
хадис оқу,
Алланы зікір ету, салауат айту, құлшылық жасау және жақсы
киім киіп, хош иіс себу.
Сұрақ:
Иғтикафты қандай амалдар бұзады?
Жауап:
Әйелімен жыныстық қатынасқа түсу. «Бақара»
сүресінің 187-аятында:
«Мешіттерде иғтикафта болған
кезде әйелдеріңе жақындамаңдар»
, – делінген. Иғтикафқа
кірген кісінің мешіттен себепсіз шығуы. Түнде яки күндіз
біле
тұра немесе жаңылысып шықса, сыртта болған уақыты
жарты күннен
артық болса, иғтикафы бұзылады. Ал әйел
адам иғтикафта отырған
бөлмесінен басқа бөлмелерге
себепсіз шығатын болса, иғтикафы бұзылады.
Науқастың
көңілін сұрау, жаназа намазы т.б. сол секілді жағдайлар
үшін мешіттен шығу иғтикафқа кедергі келтіреді. Иғтикаф
кезінде кісі бірнеше күн есінен
талып қалса не ақылына
нұқсандық келсе, иғтикафы бұзылады. Жазылған соң қайта
иғтикафқа кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: