63
ИҒТИКАФ
Сұрақ:
Иғтикаф дегеніміз не?
Жауап:
Иғтикаф – бір жерде отыру,
ешқайда шықпау,
бас тарту дегенді білдіреді. Фиқһ терминінде – мешітте
немесе соған ұқсас орында иғтикафқа ниет етіп, белгілі бір
мезгіл сол жерде қалу деген мағынаны қамтиды.
Сұрақ:
Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не
айтылған?
Жауап:
Құранда «Бақара» сүресінің 187 мен 125-аят-
тарында:
«Сендер мешітте иғтикафта болғанда...»
және
«Менің үйімді
(Қағбаны)
тауап етушілер
,
ғибадатқа
отырушылар және рукуғ, сәжде етушілер үшін тап-таза
ұстаңдар»
, – делінген. Айша анамыз:
«Алла Елшісі Мәдинаға
келген соң, көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін
иғтикафпен өткізетін»
, – дейді.
Иғтикафтың мақсаты
– адамның оңаша қалып шынайы ықыласпен Аллаға бет
бұруы, Оған жақындауға тырысуы.
Сұрақ:
Иғтикафтың қандай түрлері бар?
Жауап:
Иғтикаф – уәжіп, бекітілген сүннет және мұстахаб
болып бөлінеді. Нәзір етілген (иғтикафқа
кіремін деп сөз
берген) иғтикаф – уәжіп. Рамазанның соңғы он күндігіндегі
иғтикаф – бекітілген сүннет (муәккада) және басқа бір
уақытта ғибадат ниетімен мешітте
бір мезгіл иғтикафта
болу – мұстахаб.
Достарыңызбен бөлісу: