Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 15-бет 36 беттен
болатыны айқын. Осыны пайдаланып ұрлап әкелген сиырдың мүйіздеріне жаңа піскен ыстық нанды ''кигізіп'',
біраздан соң, мүйіздің өсу бағытын өзгертіп тастай алатындар бар деген сөз бар. Иесі қанша қуып келсе де,
сиырының мүйізінің мезетте ''прическасы'' өзгеріп кете қояды дегенге сенбейді. Осы жерде ұрылардың мықты
психолог болатынын да ескерген жөн. Мысалға, бір ұры арбаның бетін жауып алып құрылыс ауласынан шығып
бара жатқан жерінен ұсталыпты, жапқышын ашып қараса, ештеңе жоқ. Келесіде де тағы осылай ұсталыпты, ұры
екеніні білетін адамдар арбаның бетін ашып көрсе, тағы да ештеңе жоқ. Тағы да бір рет осылай қайталаныпты,
сөйтсе, ол арба ұрлап жүр екен. Арбаның бетіп жауып бара жатқан соң, адамның назары арбаға емес, оның
ішіндегі затқа ауады. Не болмаса, дәл осындай психологиялық трюк ертеректегі ет комбинаттарынан қой
ұрлағанда болған. Мысалға, түнгілік ет комбинатына сойылуға келіп тұрған қойлардың бірінің аяғын байлап, үш
аяқты мотоциклдің жапсарындағы арбасына салып, басын ғана шығарады да, қалған бөлшегін орап тастайды.
Және жәй ғана басын шығармай, оған каска кигізіп қояды. Ешқандай да МАИ қызметкері қойды каска киіп бара
жатыр деп ойламайды және түнгі жарық алдамшы екенін ескеру керек.
Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық жәйт, ол - оның ұрлыққа әуестігінен
туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғн ұрламаса, тұра
алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді. Ел арасында өмір бойы
барымтамен айналысып, қолдан күші кетіп, жүруден қалған ұрының, өзіне қажет емес кемпірінің пышағын,
сарайдағы етті ''ұрлап'' алып кемпірін зар қақсататын шалдар туралы да аңыз іспеттес оқиғалар кездеседі.
''Қалташылар'' қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады:
а) ''технарлар'' - арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді
кесу арқылы ұрлық жасайтындар;
ә) ''ширмачтар'' немесе ''қалқаншылар'' - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей
қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;
б) ''балықшылар'' - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар,
в) ''хирургтар'' - пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;
г) ''шымшуырлар'' - арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;
д) ''сілкушілер'' немесе ''сырғытушылар'' - мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл
қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңестік мемлекетте ет комбинаттарында
бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне
не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған.
ж) ''сөмкешілер'' - арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар.
Достарыңызбен бөлісу: