Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

 
Түйінді сөздер: 
қылмыстылықпен күрес, қылмыстылықтың алдын алу, кәмелеттік
органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, жеке тұлғалар.
Негізгі сұрақтар:
1. Қылмыстылықтың күрес жүргізудіңі негізгі бағыттары;
2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі; 
3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері; 
4. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері. 
Дәріс тезистері: 
 
1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары.
Қылмыстылықпен күрес - қылмыс пен 
қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға, қылмыс жасаған тұлғаларға ықпал ету. 
А.И.Долгованың пайымдауынша қылмыстылықпен күрес мынандай үш негізгі бағытты құрайды: 
1.
күрестің жалпы ұйымдастырылуы; 
2.
қылмыстылықтың алдын алу
3.
құқық қорғау қызметі.
4
Алғашқы қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдасытырылуы төмендегідей бағыттарды түзеді: 
а) қылмыстылықтың көріністерін тіркеуге, осы көріністерді зерттеуге, олардың себептері мен 
детерминациясын, бұған дейінгі жүргізілген қылмыстылықпен күрестің нәтижелерін зерттеуге және сәйкес 
мәліметтерді талдауға байланысты ақпараттық-талдау қызметі; 
ә) криминологиялық болжау (криминогендік құбылыстардың болашақтағы жәй-күйі туралы негізді 
тұжырымдар); 
б) қылмыстылықпен күрес жүргізудің стратегиясын, яғни мақсатқа жетудің тәсілін, күрес жүргізу өнерін, 
анықтау. Оны мемлекет кримогендік жағдайды, мамандардың ұсынысын, криминогендік болжау нәтижелерін 
салмақтай келе анықтайды. 
в) қылмыстылықпен күресті жоспарлау (ұзақ, орташа, қысқа мерзімге); 
г) қылмыстылықпен күрестегі заң шығармашылық; 
д) қылмыстылықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру, оларды тиянақтау және осы жолдағы қызметті 
үйлестіру; 
е) қылмыстылықпен күреске байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту. 
Қылмыстылықпен күрестің келесі бағыты, яғни қылмыстылықтың алдын алу қазіргі тақырыптың арқауы 
болады. 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 17-бет 36 беттен 
Ал үшінші бағыты (құқық қорғау қызметі) де мыналардан тұрады: 
а) ''жазалау'' қызметі, яғни қылмыстарды ашуға, бұлтартпауға, тергеуге, қылмыс жасаған тұлғаларға 
қылмыстық жауаптылық шараларын және жаза қолдануға байланысты әрекеттер; 
ә) құқық қалпына келтіруші қызмет, қылмыс арқылы бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына 
келтіруге байланысты әрекеттер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет