в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай: 1)
''кездейсоқ қылмыскерлер'' - алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;
2)
''ситуативтік қылмыскерлер'' - сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс
жасағандар;
3)
''тұрақсыз қылмыскерлер'' - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;
4)
''кәнігі қылмыскерлер'' - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бұрын сотталғандар;
5)
''аса қауіпті қылмыскерлер'' - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.
г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай: 1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: құқықтық нигилизм,
мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой
қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).
2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы
мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі
жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.
3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.
4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға
салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.
5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты
өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.