Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені


танытып, қылмыскерлерге орай туғызатын жағдай



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

танытып, қылмыскерлерге орай туғызатын жағдай. 
 
Әдебиеттер:
 
1.
Антонов Г.В., Романовский А.А. Мотов А.А. «Виктимность и нравственность» //Вопросы борьбы
с преступностьюң, вып. 33. 2012, с. 40-46. 
2.
Александров Ю.В. Половые преступления: преступники и потерпевшие. Киев, 2011. 
3.
Минская В.С., Чечель Г.И. Виктимологические факторы и механизм преступного поведения. 
Иркутск 2012 г. 
4.
Полубинский В.И. Виктимологические аспекты профилактики преступлений. М., 2012. 
5.
Франк Л.В. Потерпевшие от преступлений и проблемы советской криминологии. Душанбе, 2012. 
6.
Рыбальская В.Я. Виктимологические исследования в системе криминологической разработки 
проблем профилактики преступлений несовершеннолетних «Вопросы борьбы с преступностьюң. Вып. 33, 
2012, с. 32-39. 
7.
Ривман Д.В. Криминальная виктимология. СПб., 2012. 
7-тақырып. Қылмыстық мінез-құлық механизмі 
Түйінді сөздер: 
қылмыс, қылмыс жасау механизмі, мотивацияның деңгейлері,
тұлғаның қалыптасуы.
Негізгі сұрақтар:
1. Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы;
2. Сыртқы орта және тұлғаның қалыптасуы;
3. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау механизміндегі орны.
 
Дәріс тезистері: 
1.
 
Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы
. Криминологияны кейде макрокриминология 
және микрокриминология деп бөдушілер де кездеседі. Осыған сүйенсек, макрокриминологиясы 
қылмыстылықты құбылысын ретінде социологиялық деңгейде зерттесе, миекрокриминология тек жеке 
қылмыстың болу себептерін психологиялық деңгейде зерттейді. 
Қылмыстық құқық қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы көрінісін ғана зерттейді, өйткені ой әлі де қылмыс 
емес, сол себепті де тек қана қылмыстың объективтік жағы (қылмысқа дайындалудан бастап) көрініс тапқанда 
ғана ол іске кіріседі. Ал криминология болса, оны микрокриминология деңгейінде себептерін зерттейтін 
болғандықтан әуелгі түркісінен бастап, тіпті, ол мотивтің пайда болуының де себептеріне тереңдеп үңіледі. 
‘’Қылмыс’’ пен ‘’Қылмыстық мінез-құлық’’ ұғымдары бірдей емес, соңғысы алдыңғысына қарағанда кеңірек. 
Өйткені қылмыс тек заңда келтірілген әрекет түрі болса, қылмыстық мінез-құлық осы әрекетке алып келген 
себеп-жағдайларды да білдіреді. Қылмыстық мінез-құлық механизмі дегеніміз объективтік шындықтың сыртқы 
факторлары мен қылмыс жасау шешімін детерминациялайтын, бағыттайтын және оның орындалуын бақылайтын 
ішкі, психикалық процестер мен жағдайлардың байланысы мен өзара ықпалдастығы. Осы күнге күнге шейінгі 
криминология саласындағы еңбектерде қылмыс жасау механизмінің мынандай схемасы ұсынылады (9-суретті 
қараңыз): 
Қылмыстық мінез-құлықтың мотивациясы дегеніміз мотивтің заңға қайшы қылықты жасаудың саналы 
түрткісі ретінде қалыптасу процесі. Бұл көрініске қарап отырсақ, қылмыстың ең бастауы, түбірі мотив сияқты 
болып көрінеді. Тіпті, қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады және қылмыстық субъективтік 
жағының қосымша белгісі ретінде адамның мінез-құлқының ішкі түркісі деп қарастырады. Шынында да мотив ең 
бір әрекеттің бастауы болып табылады, дегенмен, ол да әлі беті жағы осы мотивтің қалыптасуының өзіне де 
біпнеше факторлар ықпал етеді.
Бұл тізбек тек қана қылмыстық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық заңды мінез-құлыққа да тән. 
Мұқтаждықтар ең алғашқы және адаммен туабітті мотивтің қайнар көзі болып табылады. Бірақ жалғыз ғана емес. 


Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 24-бет 36 беттен 
Әлеуметтік субъект ретінде адамда одан да басқа мотив көздері пайда болады. Олар - өмірлік жоспарлар мен 
проблемалық жағдайлар. Осы үшеуінен барып мүдде туындайды. Мүдде мұқтаждықпен тығыз байланысты. 
Мүдде категориясының әлеуметтік, философиялық және құқықтық мағыналары бар. Өз кезегінде мұқтаждық 
мүддеге айнала алады. Қарапайым мысалмен айтқанда ‘’Қарным ашып тұр’’- дегеніміз мұқтаждық та, ‘’Қалай 
тамақ тауып жеймін?’’- дегеніміз мүдде. Демек, мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. 
Ол “өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру жолындағы субъектінің объектіге қатынасы”
8
. Мүдде сонымен бірге, 
мұқтаждық, құндылық т.б. сияқты қоғам дамуының қозғаушы күштерінің қатарына жатады. Қоғам дамуының 
секірістері үшін әлеуметтік қайшылық және оны шешуге ұмтылыс қажет. Осы қайшылықтарды шешуге 
ұмтылған әлеуметтік субъектілердің прогрессивтік әрекетіне түрткі болатын олардың мұқтаждық-мүдделері 
және т.б. итермелеуші күштер. Маркстің сөзімен айтқанда ‘’ескі мұқтаждықтарды қанағаттандырып болған соң 
жаңа мұқтаждықтардың туындауының өзі - тарихи процесс’’. Егер де мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, 
бір деңгейде қала берсе, онда адамзат әлі алма теріп, арба итеріп жүрген болар еді, немесе әлі де homo sapіens 
sapіens-ке жете алмай жануар тектес кейіпте қалған болар ме еді?!! 
“Егер мұқтаждық, ең алдымен, мұқтаждық затына бағытталса, мүдде мұқтаждықты қанағаттандыра 
алатын заттарды, құндылықтарды, игіліктерді тарату соларға байланысты болатын әлеуметтік қатынастарға, 
институттарға, құрылымдарға бет түзейді”.
9
Гегельше айтсақ, “ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды”
10

Ол мүдделер нақты шешім қабылдауға негіз болытын мотивт қалыптастыру үшін әлі де мүмкіндіктерге сүйенуі 
тиіс. Мүмкіндіктің философиялық ұғымы мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол тұлғаның қандай да 
бір өзгерістерді жасай алуы. Мысалға, заттан келетін мүмкіндік дегеніміз заттың объектитвтік шындыққа алып 
келетін өзгерісін тұлғаның өзіне таңуы, телуі. Ал жалпы әлеуметтік мүмкіндік болса, оддан да кең өз әрекеттері 
мен дене қимылын қоса алғанда кез келген әлеуметтік өзгерістерді еркімен жасай алуы. Әлеуметтік мүмкіндіктер 
методологиядағы мүмкіндік пен шындық категорияларынан бастау алса да, бірдей емес. Себебі ол 
методологиядағы мүмкіндік - объективтік те (адамның еркі мен қалауында шаруысы жоқ), әлеуметтік мүмкіндік 
субъектитвтік: тек қана тұлғаға ғана тән, оның еркімен байланысы. Әлбетте, объектитвтік факторларды ысырып 
тастауға болмайды, себебі кез келген адам өз еркі тілеген нәтижесіне қол жеткізе алмайды ғой (мүмкіндігі жоқ).
. Әдетте, адамның мотивациялық аясының ерекшеліктерін тұлғаның өзін талдау шегінде қарастырады. 
Қылмыскер тұлғасын зерттей келе зерттеушілер төмендегідей типтік мотив түрлерін бөледі: 
1)
мотивтердің антиәлеуметтік түрлері; 
2)
материалдық немесе табиғи түрткілердің рухани түрткілерден артық болуы; 
3)
борыштан гөрі түрткінің (ниеттің, әуестіктің) басым болуы;
4)
алыс және өмірлік маңызды болашақтан гөрі жақын мақсатты түркілердің алда болуы; 
5)
біздің қоғамның құндылық жүйесінде түрткілердің төмен деңгейде болуы. 
Бұл бұрмаланған қасиеттер, жалпы алғанда әлі де қылмыстық мотивацияның қалыптасуына негіз 
болмайды. Тұлғаның азғындауы оның мінез құлқында ешқашан жүзеге аспауы мүмкін. Мысалға, материалдық 
мүдделердің рухани мүдделерден жоғары қойылуы ол тек қана қылмыстық жолмен байиды дегенді білдірмейді; 
бұл мүдделер заң шеңберінде де толыққанды жүзеге асуы мүмкін.
 
Қылмыстық мінез-құлық механизмінде есі дұрыстықты жоққа шығармайтын аномолиялар да маңызды 
орын алады. Жалпы халықтың ішіндегі психикалық аномалиясы барлардың үлес салмағына гөрі олардың үлесі 
қылмыскердердің арасында басым болса да, кейбір кеңес дәуірінде жүргіізілген зерттеулерге орай, ол 
ауытқушылықтар қылмыстық мінез-құлық механизмінде басты рөл атқармайды. Психопатиялық бейімділігі бар 
адамдар эмоционалдық жағынан ұстамсыз, агрессивті болып келсе де, кейбір психикалық аномалиялар бейтарап 
қалыпта қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет