Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 26-бет 36 беттен
Толық емес немесе ажырасқан отбасылардың криминогендік маңызы бар. Зерттелгендердің 32%-нде ата -
анасының біреуі болмаған. Олардың 19,4%-і некеден тыс туғандар.
11
Отбасылардың 17,4%-нде әке-шешесінің
арасында үнемі жанжал болған, 16,1%-нде олар уақытша ажырасқан.
Басқа бір зерттеулерге қарағанда ''Жасөспірімдерге теріс ықпал жасаған не?''.- деген сұраққа: 7,5%-і -
туыстарымның жасаған қылмысы, 14,1%-і - отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуы, 2,3%-і - үйдегі жанжал,
көзге шөп салу, 73,6%-і - көшенің ықпалы, - деп жауап берген. Сұралғандардың үштен бір бөлігі ғана әке-
шешесінің беделін сыйлаған. Мұғалімнің, ұстаздарының беделін - 2,3%, жаттықтырушылардың, үйірме
жетекшілерінің беделін - 4%, жұмыс істеген не оқыған ұжымының беделін - 3,7%-і , ата-аналарының - 37,5%-і
сыйлаған.
12
В.Н.Кудрявцевтің пікірінше адамның өмір салты дұрыс болмаса, ол адам бұзылады, оны қылмысқа
бейімдейтін жағдай туады.
13
Микрортада тағы бір ықпал ететін әлеуметтік негізгі институт - ол мектеп. Бала өзіне достарды, үйірмелерді
де осы мектеп арқылы табады. Жеткіншек қандай әлеуметтік топты жанына жақын көрсе, сол топптың (жанұядан
соң) көзқарасымен өлшейді. Бұл жолда ұстаздары да қатты ықпал етеді. Егер де мектепте ер мұғалімдерге
қарағанда әйел мұғалімдердің үлес салмағы өте басым болса, онда мектептегі балардың мінез-құлқында да еркекке
емес, әйелге тән мінез көп көрініс табады. Мысалға, 5-сыныпта оқитын екі ұлдың төбелесіп қалу фактісіне орай
төбелестен соң әйел мұғалім мен ер мұғалім екі түрлі реакция береді. Мысалға, ер адам ''Төбелессеңдер ана жаққа
барып төбелесіңдер, ешкім көріп қалмасын. Бір біріңнің көздеріңді шығарып, бастарыңды жарып жүрмесеңдер
болар'', - деп жауап беруі мүкін, ал әйел адам болса, ''Егер де біріңнің көзің шықса мен жауап беремін, неге ол
сенің сөмкеңді жыртып тастағанда маған келіп айтпадың. Мен оның төбесін оятын едім. Сол үшін міндетті түрде
төбелесу керек пе?'',- деуі мүмкін. Осыдан кейін олар да, басқа сыныптастар да ''сөмке жыртқан'' баланы мұғалімге
жеткізіп тұруы мүмкін, өйткені 5-сынып оқушысы үшін мұғалімнің айтқаны қашан да дұрыс. Осылайша
социолизация процесінде ұстаздарға тән қасиетті балалар бойына сіңіреді және бала сор мақта сияқты тез сіңіріп
алатын әлеуметтік субъект.
Баланың қалыптасуына жора-жолдастары да қатты ықпал етеді. Қазақтар оны ''Жігітті жолдасынан таны''
деген мақал арқылы жеткізеді. Мысалға, жанұядағы қолайсыздықтан өзге топтармен, соның ішінде, криминогендік
топтармен де, көп араласатын жасөспірім өзі олай деп есептемейтін көзқарастарын да топтың ықпалымен өзгертуі
ықтимал.
14
Өйткені олармен араласқанда жаза алдындағы қорқыныш жеңілдейді, жеке жауаптылықта болу сезімі
әлсірейді.
15
Достарыңызбен бөлісу: