Єл-Фараби атындаѓы Ќаз¦У оќу-єдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107320
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Дәріс- (1)

5. Виктимизация
туралы неміс ғалымдары оны бірнеше деңгейге бөледі. 
Бірінші деңгейдегі виктимизация
- ол жәбірленушінің қылмыстан тікелей шеккен материалдық, тәни, моральдық, психикалық зардаптары. Ал 
екінші деңгейдегі
болса, ол - қылмыстан жанама келетін зиян түрлері, атап айтқанда, жәбірленушіге қылмыс 
жасаудан кейінгі қоршаған ортасының, құқық қорғау органдарының, дәрігерлердің көзқарасының өзгеруі 
жатады. Осы неміс ғалымдары 
үшінші дәрежедегі виктимизацияның
әлі де зерттелмегенін айта келе, оны 
(Баурман) жәбірленушіні өз мақсаттарында қолдана отырып оларға келген зиянды есепке алмастан зерттеушілер 
мен лауазымды тұлғалардың өзіне жүктелген міндеттерін асыра пайдалану процесі деп түсінеді (карьера, сол 
уақыттағы қылмыстық саясат). 
Төртінші дәрежедегі виктимизация
- құқық қорғау органдары мен өзге 
тұлғалардың тарапынан саналы түрде жабылған жаласынан жәбірленушілерге зиян келтіру процесі (мысалға, 
зорланған адамды олардың таққан айыбы жалған деп бетке шіркеу ету, зорлық жасаған күйеуін қылмыстық 
жауаптылыққа тартпай жәбірленушіні бұзылуына ықпал етеді).
Виктимизация процесі кезіндегі де қылмыстық болашақ жәбірленушілерінің мінез-құлқын да 
топтастыруға болады. Оларды қылмысқа дейінгі, қылмыс үстіндегі және қылмыстан кейінгі деп жіктеуге болады.
Жәбірленушінің 
қылмысқа дейінгі
мінез-құлқын үш топқа бөлуге болады: 
а) қоздырушы - тұлға өз әрекеті арқылы криминогендік ситуацияны жасайды (мысалға, ‘’еркек емессің 
деп’’ қайрау). 
ә) белсенді - өзі криминогендік жағдайды туғызбайды, бірақ оның туындауына елеулі түрде ықпал етеді 
(жоғарыдағы троллейбустағы қыздарды еске түсіріңіз). 
б) бәсең (пассивті) - жәбірленушінің мінез-құлқы мен қылмыскердің оны таңдауында ешқандай байланыс 
болмайды. 
Жәбірленушіні
ң қылмыс үстіндегі
мінез-құлқы да үшке бөлінеді: 
а) қылмыстық ниетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін; 
ә) қылмыстық ниетпен байланысы жоқ ‘’бейтарап’’ мінез-құлық; 
б) қылмыстық ниетті жүзеге асыру кезінде қандай да бір дәрежеде қарсылық көрсететін мінез-құлық. 
Кейбер зерттеулерге қарағанда жәбірленушілер 26,5%-нде қарсылық көрсетсе, 29,4%-нде бейтарап мінез-
құлық танытқан, 33,4%-нде қылмысқа қолайлы жағдай туғызған, ал 10,7%-нде қылмыс жасауды өздері 
қоздырған. 
Әйел жынысты адамды зорлау қылмысындағы жәбірленушілер мінез-құлқынның жөні бөлек. 38,6%-нде 
жәбірленушілер алкогольдік мас күйінде болған, олардың ішіндегі 92,8%-і болашақ қылмыскермен бірге ішкен.
7
Олардың мінез-құлқында маңызды болып адамдармен танысудағы кездейсоқтық, сақ болмау, жеңіл мінез 
табылады. Зорлау қылмыстарының 13%-нде қылмыскерге жәбірленушінің тиісуі, алдын ала уәде беру сияқты 
итермелейтін жағдайлар болған. 
Мысалға, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет