Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Қандай фермент əсерімен рибосома м-РНҚ-ның бойымен жыл-



Pdf көрінісі
бет101/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

7. Қандай фермент əсерімен рибосома м-РНҚ-ның бойымен жыл-
жиды:
А) полимераза І
Ə) полимераза ІІІ
Б) пептидаза
В) транслоказа
Г) синтетаза
8. Амин қышқылдары декарбоксилденіп түзетін қосылыс:
А) аммиак
Ə) амин
Б) азот
В) Н
2
О
Г) несеп қышқылы
9. Амин қышқылдарының трансаминдену реакциясын катализ-
дейтін фермент:
А) дегидрогеназа (НАД
+
)
Ə) дегидрогеназа (НАД · 2Н)
Б) трансаминаза
В) оксидаза 
Г) киназа
10. Эукариоттарда белок синтезін бастайтын амин қышқылы:
А) аланин
Ə) метионин
Б) формилметионин
В) глутамин
Г) тирозин
11. Прокариоттарда белок синтезін бастайтын амин қышқылы:
А) аланин
Ə) метионин
Б) формилметионин
В) глутамин
Г) тирозин


207
12. Амин қышқылдардан молекулаішілік дезаминдеу нəтижесінде 
пайда болады:
А) қаныққан қышқылдар
Ə) қанықпаған қышқылдар
Б) гидроксиқышқылдар
В) кетоқышқылдар
Г) цитрат
13. Шаперондар:
А) жаңа синтезделген белоктарды бірігіп кетуден сақтайды
Ə) белоктың ІІІ реттік құрылымын жасақтауға қатысады
Б) дисульфидті байланыстың пайда болуын катализдейді
В) амин қышқылдарының синтезіне қатысады
Г) глобулярлы белоктар


208
ІХ. КӨМІРСУЛАРДЫҢ АЛМАСУЫ
9.1. Көмірсулардың жалпы сипаттамасы
Көмірсулар химиялық табиғаты бойынша альдегидті жəне ке-
тонды көп атомды спирттер болып табылады. Олардың элементтік 
құрамын С
n
H
2n
O
n
формуласымен белгілейді.
Құрамына, құрылысына, қасиеттеріне қарай көмірсуларды үш 
топқа бөлуге болады:
1. Моносахаридтер жəне олардың туындылары: пентозалар 
(рибоза, дезоксирибоза), гексозалар (глюкоза жəне фруктоза), 
гептозалар (седогеп-тулоза), глюкурон қышқылы, галактурон 
қышқылы т.б. 
2. Олигосахаридтер - құрамында 2,3,4,5 ... 10 моносахаридтер 
болатын көмірсулар тобы. Дисахаридтер, трисахаридтер (мальто-
за, сахароза, лактоза) т.б. Қасиетіне қарай тотықсыздандыратын 
дисахаридтер жəне тотықсыздандырмайтын дисахаридтер деп 
бөлінеді.
3. Полисахаридтер. Моносахаридтердің қалдығы 10-нан 
жоғары болады. Полисахаридтердің екі тобы белгілі: а) гомопо-
лисахаридтер: крахмал, гликоген. б) гетерополисахаридтер: гете-
рогликандар, гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, кератан-
сульфаттар, гепарин.
Моносахаридтер: құрылысы, номенклатурасы. 
Моносаха-
рид терді жіктеудің бірнеше принциптері бар, ол:
- молекула құрамындағы көміртек атомдары санына қарай: 
триоза, тетроза, пентоза, гексоза, гептоза жəне т.б;
- карбонил тобының сипатына қарай: альдозалар, кетозалар;
- карбонилді жəне гидроксилді топтар басқа функционалдық 
топтардың табиғатына қарай:
а) бейтарап қанттар, бұлардың құрамында тек карбонилді 
жəне гидроксилді топтар ғана болады;
б) аминді қанттар, бұлардың құрамында гидроксотоптың ор-
нында амин тобы орналасады.
в) қышқылды қанттар, мұндай моносахаридтер құрамында 
карбонил, гидроксил топтарынан басқа карбоксил тобы кездеседі.


209
Көмірсулар номенклатурасының негізін моносахаридтердің 
тривиалды атаулары құрайды: ксилоза, рибоза, глюкоза, фруктоза 
т.б. Кетозалар атына 
– улоза деген жалғау қосылады: мысалы, кетоза С

– пентулоза.
Барлық моносахаридтерге оптикалық изомерия тəн, яғни 
олардың D жəне L түрлері болады.
Моносахаридтердің молекулаларын бейнелеу үшін Хеуорс 
формулаларын (перпективтік) пайдалануға болады.
Олигосахаридтерді екі топқа бөледі:
- тотықсызданбайтын; 
- тотықсызданатын.
Олигосахаридтер ішінде табиғатта көп таралғаны: дисахарид-
тер (мальтоза, сахароза, целлобиоза т.б.).
Табиғаттағы көмірсулар көбінесе полисахаридтер түрінде 
кездеседі (крахмал, гликоген, целлюлоза, хитин т.б.).
Полисахаридтер
ішінде крахмал мен гликоген ағзада қор 
14–519


210
ретінде жиналады, өсімдік жасушаларында – крахмал, жануарлар 
жасушасында – гликоген.
Көмірсулардың атқаратын қызметтері қандай?
1. Көмірсулардың энергетикалық қызметін көбінесе қор тү-
рінде болатын крахмал мен гликоген атқарады. Ағзаға қажетті 
энергияның 70%-ын қамтамасыз етеді, 1 г көмірсу ыдырағанда ~ 
16,9 кДж энергия бөлінеді.
2. Тіректік қызмет. Өсімдіктерде целлюлоза, адам сүйегінде 
хондроитинсульфат тіректік қызмет атқарады, белоктармен, ли-
пидтермен қосылып, барлық биомембраналар құрамына кіреді.
3. Қорғаныштық қызмет. Қышқылдық гетерополисахаридтер: 
мысалы, гиалурон қышқылы, кератосульфат (көздің мүйіздік қа-
батында т.б.) биологиялық майлағыш зат ретінде қолданылады. 
Синовиалды сұйықтық қан тамырларында, асқорыту жолдарын-
да, өңеште, қолқада, буындарда қорғаныштық қызмет атқарады. 
4. Гидроосмостық жəне ионды реттеушілік қызмет. Мысалы, 
гиалурон қышқылы гидрофилді молекула, ол жасушааралық су мо-
лекулаларын жəне катиондарды байланыстырып, жасушааралық 
осмостық қысымды реттеп отырады.
5. Кофакторлық қызмет. Кейбір гетерополисахаридттер ко фак-
торлық қызмет атқарады, Мысалы, гепарин белокпен байланы-
сып, активті полисахаридті белок комплексін түзіп, қанды ұюдан 
сақтауға қатысады, қандағы майлардың ыдырауын күшейтіп, 
олардың қандағы мөлшерін азайтуға да ықпалын тигізеді.
6. Белок, нуклеин қышқылдары, липидтер синтезіне қажетті 
көміртек көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет