Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін



Pdf көрінісі
бет103/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

.
9.2.1. Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін 
ыдырауы
Глюкозаның аэробты немесе анаэробты жағдайда фермент-
тер қатысында екі молекула пируватқа (аэробты жағдайда) неме-
се екі молекула лактатқа (анаэробты жағдайда) дейін ыдырауын 


213
гликолиз дейді. Гликолиз ферменттер қатысында жүретін 10 ре-
акциядан тұрады. Бірақ жалпы реакцияны төмендегідей жазып 
көрсетуге болады:
а) аэробты жағдайда
10 реакция
С
6
Н
12
О

+ 2АДФ + 2Н
3
РО

+ 2НАД

2СН
3
ССООН + 2АТФ +2Н
2
О+ 2НАДН•Н
+
׀׀
О
б) анаэробты жағдайда
11 реакция
С
6
Н
12
О

+ 2АДФ + 2Н
3
РО

СН
3
СНОН – СООН + 2АТФ + 2Н
2
О
Глюкоза екі жолмен ыдырауы мүмкін. Бірінші жол: глюкоза 
молекуласы көміртектің үш атомынан тұратын 2 молекулаға ыды-
райды. Мұндай ыдырау түрін дихотомикалық ыдырау деп атай-
ды. Глюкоза молекуласы бір көміртек атомын жойып, пентозаға 
айналуын апотомикалық ыдырау дейді (31-сурет).


214
31-сурет. Глюкозаның дихотомикалық ыдырау жолы
Бұл 5 реакцияны фруктоза-1,6-дифосфаттың ашық құры лым-
дық формуласынан оңай түсінуге болады:
Глюкозаның пирожүзім қышқылына дейін ыдырауының өзін 
2 сатыға бөлуге болады (32-сурет):


215
1. Глюкозаның глицероальдегидфосфатқа дейін ыдырауы. Бұл 
сатыда глюкоза АТФ көмегімен белсендіріліп (1, 2, 3, 4, 5 реак-
циялар), биологиялық тотығуға қажет субстрат түзеді.
2. Глицероальдегидфосфаттың пирожүзім қышқылына дейін 
ыдырауы, бұл саты АТФ генерациясы деп аталады.
Глюкоза ыдырауының 2-ші кезеңі АТФ-тың генерациясымен 
тығыз байланысты. Альдегид тобының потенциалды энергиясы 
фосфоролиз реакциясының арқасында 1,3-дифосфоглицераттың 
макроэргиялық байланысында жинақталады. 


216
6-шы реакция кезінде глицеральдегидфосфаттың дегидрле-
нуі жүреді, сутек атомының акцепторы НАД
+
болады, реакцияға 
Н
3
РО
4
қатысуымен, реакция нəтижесінде 1,3-дифосфоглицерин 
қышқылы, құрамында макроэргтік байланысы бар зат түзіледі. 
7-ші реакция кезінде 1,3-дифосфоглицерин қышқылдарындағы бір 
фосфор қышқылының қалдығы АДФ-тан АТФ-тың субстраттық 
фосфорилдену жолымен синтезделуіне жұмсалады. 9-шы реак-
ция кезінде дегидратация реакциясы нəтижесінде макроэргтік 
қосылыс фосфоеноилпирожүзім қышқылы түзіліп, келесі реак-
ция тағы да субстратты фосфорилдеу
 
жолмен АДФ-тан АТФ-
тың түзілуіне мүмкіндік береді. Сонымен, бұл реакциялардың 
нəтижесінде пирожүзім қышқылының енолдық түрі түзіліп, кейін 
ферменттің қатысуынсыз пирожүзім қышқылының кето түріне 
айналады. Түзілген ПЖҚ əрі қарай тотығып, декорбоксилденіп, 
ацетил-КоА-ға, ал ацетил-КоА одан əрі лимон қышқылдарының 
циклі арқылы СО
2
жəне суға айналады.
Енді
 
жоғарыда айтылған осы өзгерістерді схема түрінде қа-
растырайық (33-сурет): 
32-сурет.
Глицероальдегидофосфаттың пирожүзім 
қышқылына дейін ыдырауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет