226
Осыны Кори циклі немесе глюкоза-сүтқышқылдық цикл деп
атайды. Осындай жолмен түзілген ПЖҚ-ның 20%-ы ацетил-КоА
түрінде үш карбон қышқылдары цикліне жұмсалады, 80%-ы
қайтадан глюкозаға айналады. Глюконеогенез негізінен глюколиз
жүрген жолдармен жүреді, тек бағыты оған қарама-қарсы болады.
9.4. Гликогеннің синтезделуі мен ыдырауы
Гликоген ((С
6
Н
10
О
5
)
n
)
- полисахаридтердің глюкозаға оңай айна-
латын қор ретінде жинақталған түрі. Гликогеннің молекуласының
өте бұтақталып келуі ферменттердің əсер етуіне қолайлы жағдай
жасайды, яғни бұтақталу неғұрлым көп болса,
соғұрлым глюко-
за оңай бөлініп шығады. Міне, сондықтан барлық молекуладағы
глюкозаның 8-10%
бір уақытта бөлініп шыға алады. Бұлшық еттің
жұмысы кезінде АТФ-тың қажеттілігі 100-ден 1000 есеге (1ми-
нут ішінде) артады. Сондықтан гликогеннің бұтақты құрылысы
өте ыңғайлы болады. Бұлшық еттегі гликогеннің концентра-
циясы 1%-дық
ерітіндіге тең болса, бауырда 5%-дық ерітіндіге
тең,
дегенмен бұлшық еттің жалпы массасы, бауырдың жал-
пы массасына қарағанда əлдеқайда көп болғандықтан,
ондағы
35-сурет.
227
гликогеннің абсолюттік салмағы бауырдағы гликогенге қарағанда
əлдеқайда көп болады. Гликогеннің түзілуі мен ыдырауы əртүр-
лі метаболиттік жолдармен жүретін қарама-қарсы процесс. Осы
екі процестің арқасында қандағы глюкозаның мөлшері қалыпты
бір мөлшерде болады, артық глюкоза қор ретінде жинақталып,
бауырдағы гликогеннің синтезіне жұмсалады.
Гликогеннің түзілуі (гликогеногенез).
Эритроциттерден
басқа барлық жасушаларда гликоген түзіледі. Əсіресе,
активті
түрде сүйек бұлшық еті мен бауырда жүреді.
Гликогеннің түзілу реакцияларының жалпы схемасы төмен-
дегідей:
гексокиназа
1. Глюкоза + АТФ
глюкоза – 6-фосфат + АДФ
фосфоглюкомутаза
2. Глю - 6-фосфат+УТФ
глю- 1-фосфат
УДФ-глюпирофосфорилаза
3. Глю – 1 – фосфат + УТФ УДФ-глю + Н
4
Р
2
О
7
гликогенсинтетаза
4. УДФ – глю + гликоген
УДФ+ гликоген (n+1)
Біріктіріп жазатын болсақ:
Глюкозо – 1фосфат + УТФ
УДФ – глюкоза + пирофосфат
УДФ – глюкоза + (С
6
Н
10
О
5
)
n
УДФ + (С
6
Н
10
О
5
)
n
гликогенсинтетаза гликоген
Бұл теңдеулерден реакцияға міндетті түрде АТФ энергиясы
қажет екені көрініп тұр.
1. АТФ молекуласы бос глюкозаны
фосфорилдеу реакция-
сына жұмсалады, нəтижесінде глюкозо-6-фосфат пайда болады.
Бұл реакция - гликолиздегі бірінші реакция. Фосфорилдеу ре-
акциясын бұлшық етте - гексокиназа, ал бауырда - глюкокиназа
ферменттері катализдейді.
2. Екінші реакция - глюкозо-6-фосфаттың глюкоза-1-фос-
фатқа айналып, изомерленуі. Реакцияны фосфоглюкомутаза фер-
менті катализдейді.
228
3. Пайда болған глюкоза-1-фосфат
гликоген синтезіне қа тысады,
бірақ алдын ала ол УТФ-мен реакцияласады да, УДФ-глюкоза тү-
зеді, катализдейтін фермент глюкоза-1-фосфа тури динт ранс фераза
(УДФГ-пирофосфорилазаның екінші аты). Бұл реак цияны ашқан ар-
гентин биохимигі Л. Лелуар Нобель сый лығын алды.
4. Гликогеннің түзілуі. УДФ-глюкозадан глюкоза қалдығы
гликоген молекуласына ауысады.
Катализдейтін фермент глико-
генсинтаза.
Өсімдіктерде крахмал синтезінде глюкозил тобының доноры
УДФ емес, АДФ-D-глюкоза болады.
Достарыңызбен бөлісу: