Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет3/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

8
І. АҒЗАЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Жердің биомассасын құрайтын ағзаларда Д. И. Менделе-
ев таблицасының 70-тен астам элементтері табылған. Оттегі, 
көміртегі, сутегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, хлор, 
натрий, магний, мырыш, темір, йод, мыс, молибден, ко-
бальт, селен элементтері тірі ағзада үнемі кездеседі. Олар тірі 
ағза жасушасының негізін қалайтын қосылыстар: белоктар, 
көмірсулар, нуклеин қышқылдары, липидтер, ферменттер, гор-
мондар мен витаминдер құрамында болады.
Сандық мөлшеріне қарай ағзадағы элементтер 4 топқа 
бөлінеді: 
І-топ –макробиогенді элементтер: 
- оттегі, көміртегі, азот жəне сутегі, олардың ағзадағы мөлшері 
1%-дан жоғары.
ІІ-топ – олигобиогенді элементтер – кальций, фосфор, ка-
лий, хлор, күкірт, магний, темір. Ағзадағы мөлшері – 0,01%-дан 
жоғары.
ІІІ-топ – микробиогенді элементтер – мырыш, марганец, ко-
бальт, мыс, бром, йод, молибден, т.б. бұл элементтер мөлшері 
0,001% - 0,000001% аралығында.
ІV-топ – ультробиогенді элементтер – литий, кремний, қалайы, 
кадмий, селен, титан, ванадий, хром, никель, сынап, алтын, жəне 
т.б. Ағзадағы мөлшері 0,000001%-дан аспайды (1-кесте).
Адам ағзасындағы химиялық элементтердің мөлшері, %
1-кесте 
Элементтер O
C
H
N
Ca
P
K
Мөлшері, %
62,48
21,15
9,86
3,1
1,90
0,95
0,23
Элементтер
S
Cl
Na
Mo
I
F
Мөлшері, %
0,08
0,08
0,080
0,027
0,014
0,009
Элементтер Fe
Zn
Br
Al
Si
Cu
Мөлшері, %
0,005
0,003
0,002
0,001
0,001
0,0015


9
Егер тірі жəне өлі заттардың химиялық құрамын қарасақ, тірі 
ағза негізінен жеңіл элементтерден, ал өлі заттар ауыр элемент-
терден тұрады, себебі тірі ағзалардың құрамына қажет суда жақсы 
еритін газ тəрізді, сұйық жəне қатты қосылыстар үшін жеңіл эле-
ментер ғана жарамды. Тірі ағзаның құрамына кіретін молекула-
ларды биомолекула деп атайды, демек олардың құрылымы жəне 
өзара əрекеттесуі тіршілік негізіне жататын процестерді қамтиды.
Тірі ағза жасушасының негізін құрайтын қосылыстар: бело-
ктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер (май жəне май 
тəрізді заттар), су, минералды тұздар (2-кесте). 
Осы органикалық қосылыстардың алуан түрлі құрылымы 
мен қасиетін білу үшін олардың құрамына кіретін ең қарапайым 
органикалық заттардың кластарын бір-бірінен ажырата білу 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет