10
Ағзаның құрамына кіретін заттарды пластикалық жəне энер-
гетикалық заттар деп шартты түрде екіге бөледі.
Пластикалық заттар - ағзаның жасушалары мен ұлпаларын
құру үшін қажетті заттар, демек құрылыс заттары.
Бұл белок,
нуклеин қышқылдары, липидтердің кейбір түрлері жəне жоғары
молекулалы көмірсулар.
Энергетикалық заттар макроэргті қосылыс АТФ-тың қайта
түзілуіне жұмсалатын энергияны бөлетін заттар.
Бұл көмірсулар
(глюкоза, гликоген, крахмал), кейбір липидтер.
1.1. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Бұл пікірді 1838
жылы М. Шлейден жəне Т. Шванн постулат түрінде дəлелдеді.
Тірі ағза жасушаларында барлық химиялық процестер жүріп жа-
тады. Жасушаның қызметін фабрика қызметіне теңеуге болады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай жасушаларды екі
класқа бөледі. Құрылысы қарапайым
болатын жасушалар про-
кариоттар, олардың негізгі қасиеттерін бактериялар мысалынан
қарауға болады. Бұлардың құрылысы қарапайым, кіші өлшемді.
Бактериялар қажетті энергияны қоршаған ортадан алады жəне
бұлар үшін энергияның қайнар көзі – глюкоза.
Жасушалардың екінші класы
–
эукариоттық жасушалар.
Бұ
лардың мөлшері прокариоттардан 10-15 есе үлкен болады.
Эукариоттардың жасушаларында түрлі
функция атқаратын орга-
неллалар бар: ядро, митохондриялар, пероксисомалар, лизосома-
лар,
Гольджи аппараты, цитоплазма, эндоплазмалық тор, рибосо-
малар,
хлоропластар, биологиялық мембраналар.
Жасушалардың барлығы қабықшамен – жарғақшамен қап-
талған. Жарғақшаның белокты қабаты амин қышқылдардың,
көмірсулардың жəне жасушадағы өзге де заттардың сыртқы жəне
ішке тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Цитоплазма - барлық жасушаларда болатын сұйық зат.
Ядро дегеніміз – бұл жарғақшалы органелла. Оның ішінде
ядрошырын сөлі – кариоплазма болады.
Ядрошырын сөлінің
ішінде ядрошық жəне ДНҚ-дан құралатын хромосомалар жүзіп