13
Тірі жасушалар мембраналарының липидтік құрамы
(Д. Альбертс бойынша)
3-кесте
Липидтер
Жалпы липидтер құрамынан алынған, %
Плазма мембранасы
мие-
лин
Митохондрия-
лардың
сыртқы, ішкі
мембраналары
ЭПТ
(Эпр)
Е, coli
Бауыр жа-
сушасы
Эритро-
циттер
Холестерол
17
23
22
3
6
0
Фосфатидил-
этаноламин
7
18
15
35
17
70
Фосфатидил-
серин
4
7
9
2
5
ізі
Фосфатидил-
холин
24
17
10
39
40
0
Сфингомие-
лин
19
18
8
0
5
0
Гликолипид-
тер
7
3
28
ізі
ізі
0
Басқа
липидтер
20
13
8
21
27
3
Биомембраналар өздерінің ерекше құрылымына сəйкес əр түр-
лі физикалық-химиялық қасиеттер көрсетеді:
1. Биологиялық мембраналар амфифильді болғандықтан,
олар дан көптеген заттар өте алмайды.
2. Биомембраналар ассиметриялы болып келеді.
3. Биомембрананың сұйықтығы мен аққыштығын атап кету
керек.
4. Биомембраналардың өздігінен жинала алуы. Сулы ортада
биомембраналардың құрамына кіретін липидтер мен бе-
локтар жеткілікті болған жағдайда, биомембраналардың
өздігінен жиналуы мүмкін.
1. Мембрана амфифильді. Оның құрамына кіретін липидтер
гидрофобтық жəне гидрофильдік бөлімнен тұратын болғандық-
тан, олар мембранаға амфифильдік қасиет береді. Сондықтан да
мембрана арқылы көптеген заттар өте алмайды. Мысалы: суда
ерігіш заттар мембрананың майлы қабатынан өте алмайды.
14
2
.
Мембрана ассиметриялы. Оның сыртқы жəне ішкі қа-
баттарының құрамы жəне ферменттік активтілігі жағынан бір-
бірінен айырмашылығы болады. Мысалы, адам қанындағы эри т-
роциттер мембранасының ішкі қабатында фосфатидилэтанола мин
жəне сфингомиелин болады. Мембраналардағы тасымалдаушы
жүйелер тек бір бағытта ғана жұмыс істейді. Мысалы, эритро-
цит мембранасындағы Nа
+
/ К
+
- АТФ-аза насосының жұмысын
алсақ: бұл насос Nа
+
- иондарын жасушадан сыртқа шығарып
отырса, К
+
иондарын сыртқы ортадан ішке кіргізіп отырады, ал
керісінше бағытта ешқашан жұмыс істей алмайды. Сонымен
қатар, мембрананың сыртқы қабаттарында гликопротеиндердің
құрамына кіретін олигосахаридтер тобы болса, ішкі қабатта олар
кездеспейді.
3. Мембрананың аққыштығы – биомембрананың құрамына
кіретін май қышқылдары мен холестеринге байланысты. Мем-
бранадағы май қышқылдары белгілі бір тəртіппен немесе қалай
болса солай орналасуы мүмкін. Егер де май қышқылдары қанық қан
болса, онда липидтік қосқабаттың аққыштығы нашар, қанықпа-
ған май қышқылдары көп болатын болса, сұйық болады. Холесте-
рин биологиялық мембрананың кристалдануынан сақтайды. Бір
жағынан холестерол ацилдік тізбектің тез қозғалуына кедергі жа-
саса, екінші жағынан екі көміртек тізбектің арасына тұрып, бір-
бірімен жабысып қалуынан сақтап, мембрананың аққыштығын
бірқалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
4. Мембрананың өздігінен жиналуы - олигомерлік белоктар
не месе рибосома сияқты жүреді.
|