Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет31/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

3. Гидролаза
– суды қосып алудың нəтижесінде субстраттар-
да байланыстың үзілуін немесе ажырауын катализдейтін фер-
менттер.
СН
3
СOO – CH

– CH
3
+ H
2
O CH
3
СOOH + CH
3
CH
2
ОН
Гидролаза ферменттер тобына: эстераза, липаза, гликози-
даза жəне протеиназа жатады. Ферменттік реакция тек су 
дың 
қатысуымен жүреді. Гидролаза класы бірнеше тармаққа бөлінеді. 
Мəселен, эстеразалар күрделі эфирлердің гидролизін ката-
лиздейді. Липаза майлардың гидролизін тездетеді. Фосфатаза 
фосфорлы эфирлердің гидролизін тездетеді. Пептидаза белок-
тар мен пептидтердің пептидтік байланыстарын гидролиздеуді 
тездетеді. Амилаза крахмалды, гликогенді, мальтоза қантына 
дейін ыдыратады.
Пептид-гидролазалар пептидтік байланыстың гидролизін 
тез 
детеді, бұл топқа протеиназалар немесе пептидил-пептидо-
гидролазалар жатады. Бұл ферменттер байланыстардың ыдырау-
ын гидролиздейді. Протеиназа ферменттерінің өкілдері - пепсин, 
трипсин, химотрипсин. Бұл ферменттер активті емес профермент 
күйінде пайда болады: пепсиноген, трипсиноген жəне химотрип-
синоген. Гидролаза класы 11 топқа бөлінеді.
3. Лиазалар 
– субстраттан химиялық топтардың судың 
қатысуынсыз бөлінуін қамтамасыз ететін ферменттер. Лиаза 
ферменті катализдейтін реакцияға мысал:


65
СН
3
– С – СООН
пируват
СН
3
– СН + СО
2
║ декарбоксилаза ║
О
О
Лиазалар класының 7 тобы бар, бұлар алмасу процесінің 
синтезі мен ыдырауын жүргізетін ферменттер.
4. Изомеразалар
– молекула ішінде орнын ауыстырып, бір мо-
лекула төңірегінде изомерге айналуын қамтамасыз ететін фермент-
тер. Органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді. 
Атомдардың, атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары 
мен əртүрлі радикалдардың молекулаішілік орын ауыстыруы сал-
дарынан изомерлеу процесі өтеді. Мысалы, альдегидтердің өзара 
кетонға, цис форманың транс формаға айналуы жəне керісінше. 
Егер изомерлеу топтары молекуланың ішінде ғана орын ауы-
стырумен жүрсе, бұл кезде фермент мутаза деп аталады. Ал ин-
версия ассиметриялық топтарда өтсе, фермент рацемаза немесе 
эпимераза делінеді. Изомерлеу процесіне көбінесе көмірсулар, 
амин қышқылдары мен органикалық қышқылдар ұшырайды. 
Изомеразаларға: глюкоза-6-фосфатизомераза, триозофосфати-
зомераза, ретиненизомераза, рибулозо-5-фосфатэпимераза жəне 
т.б. жатады. Изомеразалар 6 топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет