59
Күрделі ферменттердің коферменттері (кофакторлары) ме-
талл иондары немесе белоктік емес органикалық заттар. Мұндағы
металл иондары активаторлар деп аталады. Активаторлар мына
иондар: Na
+
, K
+
, Fe
3+
, Cu
2+
, Co
2+
, Zn
2+
, Mg
2+
, Mn
2+
, Ni
2+
, Mo
2+
.
180-нен астам ферментте металл иондары активатор қызметін
атқарады. Ферменттердің белсенділігін көтеру үшін қажетті ме-
талл иондарын металлофермент деп атайды.
Кофактор (простетикалық топ) белоктік емес зат болғандықтан,
кофермент деп аталады.
Ферменттерді таза күйінде алғанда жəне сақтау кезінде
олардың тұрақтылығы бірқатар факторлармен анықталады. Фер-
менттермен жұмыс істеудің ең негізгі ережесі оптималды темпе-
ратура болып есептелінеді. Ферменттердің ең көп бөлігі 6,0-8,0
рН аралығында тұрақтылығын сақтайды. Төменгі температура-
да спирттік немесе ацетондық ерітіндімен ферменттерді тұнбаға
түсіреді. Бөлме температурасында бұл процесс жүргізілмейді,
өйткені толық энзималық активтілігін жоюға əкеледі. Ферментті
тұрақтандыру үшін хелат түзуші агентті пайдаланады, мысалы,
ферментке этилендиамин-тетраацетат қосады:
Достарыңызбен бөлісу: