109
P витамині аскорбин қышқылының əсерін күшейтеді. Ол
тотығу-тотықсыздану реакцияларында
сутегі атомдарын алма-
стыратын ауыстырушы болып табылады. P витамині аскорбин
қышқылымен өзара əрекеттесу арқылы жалғастырушы ұлпада
коллагеннің түзілуін
реттейді, сөйтіп қан тамырларының қан
өткізгіштігін бəсеңдетеді.
Құрқұлақ ауруы, сірə, С витамині мен P витамині екеуі ұзақ
уақыт бойы жетіспеген кезде байқалатын
аралас авитаминоз бо-
луы керек.
Аскорбин қышқылы кездесетін барлық өсімдік өнімдерінде
P витаминi де кездеседі. Сол сияқты ол шай жапырақтарында
(қатехиндер),
қара жемісті шетенде, лимонда, қарақұмықта
болады.
Р витаминінің жемістердегі мөлшері
21-кесте
Витамин
мөлшері, мкг/г
Витамин
мөлшері, мкг/г
Раушан 680
мүкжидек
330
Апельсин 500
Ақжелкен 157
Лимон 500
Сəбіз 100
Жүзім 430
Картоп 36
Адамның P витаминін қажет етуі 0,45 г цитрин (лимон шы-
рынында кездесетін флавоноидтармен флавондардың қоспасы)
немесе 1 г рутин мөлшерінде.
Достарыңызбен бөлісу: