103
В
12
витаминінің ішіндегі ең активтісі цианкобаламин, мұндағы
кобальт CN тобымен байланысқан. В
12
витаминінің көптеген ана-
логтары жасанды жолмен алынған (30 астам).
B
12
витамині молекуласында пиррол сақинасының жұбы өзара
тікелей
байланысқан, екінші жұбы, гем порфириндегідей, метин
көпіршесі арқылы байланысады. Корфирин ядросында сутегі
атомдарының
орнын метилдік, ацетамидтік жəне пропиони
ла-
мидтік топтар басқан кезде коррифирин деп аталатын қосылыс
пайда болады.
Коррифирин молекуласында 8 метилдік, 3 ацетамидтік, 4
пропиониламидтік топтар бар. Коррифирин
азот атомы арқылы
кобальтпен байланысып, кобаламин түзеді. Ортасында кобаль-
тпен циан тобы байланысады, сондықтан B
12
витамині циан-
кобаламин деп те аталады. Екі валентті
кобальт гемдегі темір
орналасқандай жағдайда болады.
B
12
витамині жануарлар ұлпасында коферменттік қызмет
атқарады. Оның екі туындысы – метилкобаламин жəне -5-дезок-
сиаденозилкобаламин (5-ДоАК) кобамидтік ферменттер қатарына
жататын кофакторлар болып табылады.
B
12
– авитаминозы кезінде қатерлі анемия ауруына ұшырайды,
мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген жəне тұрақсыз
көптеген эритроциттер пайда болады.
Эритроциттердің жалпы
саны азаяды. Сол сияқты лейкоциттердің де саны кемиді.
Осы ауру кезінде жілік майында жүретін митоз құбылысы
шектеледі де, ДНҚ синтезі тоқталады. Сол сияқты тез өнетін
басқа да ұлпалар зақымданады. Нерв жүйесінің зақымдануы
асқына түседі.
B
12
витамині фоли қышқылымен өзара əрекеттесіп, эритро-
циттердің
дамып жетілуін тездетеді, ағзада қан түзілу қызметін
қамтамасыз етеді.
Азық-түлік құрамында кобальт болса, B
12
витаминін асқазан,
ішек жолында микроағзалар синтездейді. Кобальт, əсіресе, жа-
нуар тектес өнімдерде – бауырда, бүйректе, жүректе, мида,
сиыр етінде, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады.
Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді. Ересек адамға тəулігіне
қажетті 2-3 мкг, балаларға қажет мөлшері 0,5-2,0 мкг.