125
терминанттарында өзінше репликациаланатын эписомалардағы
ДНҚ мөлшері осындай арақатынаста.
Жасушадағы ДНҚ-дан
басқа вирустар мен фагтардың құрамына кіретін ДНҚ-лар да
бар. Вирустар мен фагтар бөлшектеріндегі оның саны бактерия
жасушаларындағыдан едəуір төмен (пикограмманың мыңнан бір
бөлігі жəне одан да аз).
РНҚ-ның молекулалық массасын ДНҚ-ның молекулалық
мас
сасын анықтайтын əдіспен табады. Ол үшін
электрофорез
əдісін қолдануға да болады. Полиакриламид геліндегі жолының
ұзындығы олардың молекулалық массасына кері пропорционал.
Ал РНҚ-ның жасушаларындағы мөлшері жəне шоғырлануын
алсақ, ол біртектілігімен де, тұрақтылығымен де ерекшеленбейді:
белоктардың биосинтезі белсенді жүріп жатқан жасушаларда РНҚ
мөлшері ДНҚ-ға қарағанда бірнеше есе көп (мысалы,
тышқанның
бауырында ДНҚ-ға қарағанда РНҚ 4 есе көп), бірақ белок синтезі
аз жерде ДНҚ мен РНҚ-ның арақатынасы керісінше болады (мы-
салы, тышқан өкпесінде ДНҚ-ға қарағанда РНҚ 2 есе аз).
Функционалдық маңызы мен молекулалық массасы бойын-
ша, сондай-ақ жасушадағы шоғырлануы бойынша РНҚ мынадай
түрлерге бөлінеді:
Тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ)
, жасушадағы барлық РНҚ-ның
10% шамасындай. тРНҚ молекуласы құрамына 70-84 нуклео-
тид кіреді, оның м.м. 25000-30000.
тРНҚ құрамынан қалыптан
тыс минералды азотты қалдықтар деп аталатын қосылыстар
табылған. тРНҚ қызметі - белсендірілген амин қышқылдарын бе-
лок синтезделетін орынға жеткізу. Жасушада 50-ге жуық тРНҚ
бар, амин қышқылының саны 20 ғана екені белгілі. Демек бір
амин қышқылын екі немесе одан да көп тРНҚ тасымалдайды.
Рибосомдық РНҚ.
РНҚ түрлерінің сан жағынан ең көбі.
Бұл рРНҚ-ны басқа РНҚ түрлерімен
салыстырғанда, оның
молекулалық массасы да ең үлкен. Эукариотты жасушалардан
төрт типті рРНҚ табылған, олар белоктармен қосылады. Ри-
босомаларда ДНҚ-дан мРНҚ хабар алып, бағдарлама бойын-
ша белок синтезіне жұмсайды. Рибосома дегеніміз –
жасуша
цитоплазмасының глобулярлы бөлігі, сүтқоректі жануарларда
рибосомалардың диаметрі 20-30нм. Олардың құрылымы күрделі,
үлкендігі, пішіні жəне химиялық құрамы əртүрлі екі суббөліктен
126
құралады. Рибосомалардың суббөліктерге бөлшектенуі жəне
олардың тұтас рибосома болып бірігуі,
белок синтезінің белгілі
кезеңінде жасушада жүзеге асады.
Рибосомдық РНҚ (рРНК) молекулалық массалары үлкен
шамамен сипатталады, 550000–700000 рибосоманың 30–40S
суббөліктерінде, 1,1·10,
6
– 1,7·10
6
рибосоманың 50-60S суббөлік-
терінде, бірақ 5S рРНҚ-ның салмағы 40000 Д (S – Сведберг
өл
шемі, седиментация (тұндыру) коэффициенті деп аталады)
(11-сурет) .
Рибосома – нуклеопротеидтерден тұратын органелла,
белок
синтезінің жүруін қадағалайды,
Рибосомалар көпшілігінде цитоплазмада орналасады, ал ми-
тохондрия матриксінде, стромада т.б.
рибосома аз мөлшерде
кездеседі. рРНҚ сан жағынан РНҚ түрлерінің ішіндегі ең көбі,
оның молекулалық массасы да ең үлкен. Эукариоттық жасуша-
ларда төрт типті РНҚ табылған.
Достарыңызбен бөлісу: