Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет63/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

5.3. Нуклеин қышқылдарының құрылысы
РНҚ
-
ны сілті ерітіндісімен абайлап өңдегенде (мысалы, 1н 
NаОН немесе КОН бөлме температурасында 18 сағат бойы), 
олар құрылымдық бөлшектерге ыдырайды, олардың əрқайсысы 
пуриндік немесе пириминдік негіздерден, рибозадан жəне фос-


128
фор қышқылының қалдықтарынан тұрады. Арнайы биоката-
лизаторлар, мысалы, рибонуклеазалармен əсер еткенде, ыды-
рау процесі сілтімен əсер еткендегіден жақсы жүреді. РНҚ-на 
қарағанда ДНҚ сілтілердің сұйытылған ерітінділерінің қалып-
ты температурадағы əсеріне тұрақты. Сондықтан ДНҚ-ның əр 
бір 
лігіне пуриндік немесе пириминдік негіздерден, дезоксири-
бозадан жəне фосфор қышқылынан тұратын құрылымға дейін 
гидролиз жасау биологиялық арнайы фермент — дезоксирибону-
клеазалар қолданғанда ғана мүмкін болады.
Минералдық та (НСІ, НСІО
4
, т.б.), органикалық та (НСООН, 
т.б.) қышқылдар мұндай гидролиз үшін жарамсыз, себебі олар 
РНҚ-ын да, ДНҚ-да бос пуриндік жəне пиримидиндік негіздерге
көмірсуға жəне фосфор қышқылына дейін ыдыратады.
Нуклеин қышқылдарының гидролизаттарынан оларды құ-
рай тын құрылымдық бірліктерді 1908 жылы алғаш рет П. Левин 
бөліп алды да, оларды нуклеотидтер деп атады.
РНҚ гидролиздегенде рибонуклеотидтер, ДНҚ гидролизде-
генде дезоксирибонуклеотидтер пайда болады.
Пуриндік немесе пиримидиндік негіздер: рибоза немесе де-
зоксирибоза жəне фосфор қышқылы нуклеотидтер молекулала-
рында өте ұқсас байланыста болады. 
Жеке рибо- жəне дезоксирибонуклеотидтердің аттары пу-
ринді немесе пиримидиндік негіздерге сəйкес алынған, ал де-
зок си рибозаның болуы «дезокси» жұрнағы арқылы көрсетіледі 
(6-кесте). 
Табиғи нуклеотидтердегі фосфор қышқылының қалдығы 
рибозаның (немесе дезоксирибозаның) қалдығына 3′ немесе 
5′ 
көміртек атомдағы гидроксил тобына қосылған, сондықтан 
нуклеотидтердің екі типі болады.
Фосфор қышқылы қалдығының нуклеотид молекуласындағы 
орнын көрсету үшін рибоза қалдығындағы көмірсу атомдарын 
нөмірлейді. Пуриндік немесе пиримидиндік негіздердегі арнайы 
нөмірлеулерді шатастырып алмау үшін бұл цифрларға « ′ » белгісі 
қойылады.
Нуклеотидтен фосфор қышқылының қалдығын ажыратып 
алғанда бұрынғыдан да қарапайым қосынды – нуклеозид алына-
ды. Бұл терминді алғаш рет 1909 жылы Х. Левин мен В. Джекобс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет