Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет89/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

7.5. РНҚ биосинтезі
РНҚ-ның биосинтезі немесе белок синтезінің бірінші кезеңі
яғни ДНҚ-дағы генетикалық информацияның белок синтезі 
жүретін жасуша аппаратына жеткізу. Мұнда да нуклеотидтердің 
комплементарлы принципі маңызды рөл атқарады. Транскрипция 
өте дəл жүруі керек, себебі жасушаға генетикалық қалыпты, амин 
қышқылдары дұрыс орналасқан белоктар керек. Транскрипция 
кезінде РНҚ-ның үш түрі түзіледі. 
мРНҚ рибосамоларға түсіп, бір немесе бірнеше белоктің 
синтезін бағыттайды. Е.Coli хромосомаларының 90–95%-ы 
мРНҚ, қалғандары транспорттық жəне рибосомалық РНҚ. 
РНҚ-ның барлық түрі ядро ішінде ДНҚ молекуласында син-
тезделеді. Бұл процесс транскрипция деп аталады жəне оны 
РНҚ-полимераза ферменті катализдейді. РНҚ-полимераза метал-
лофермент, себебі құрамында мырыштың екі атомы бар. Эукари-
оттарда РНҚ-полимеразаның 3 класы табылған, əрқайсысы үлкен 
екі суббірліктен жəне 14-ке дейін кіші суббірліктерден тұрады 
(30-кесте). Транскрипция кезінде РНҚ-полимераза ДНҚ-мен 
қосылады да, қос қабатты спиральді ажыратады. ДНҚ-ның осы 
бөлігінде матрица көшірмесі болып келетін РНҚ синтезделеді, 
ол үшін нуклеотидтік тізбек 5

→ 3′ бағытында біртіндеп өседі. 


182
Бұл матрица тізбегіне антипараллель келеді. Мұндай синтез үшін 
төрт рибонуклеозидтрифосфаттың бəрі (АТФ, ГТФ, ЦТФ, УТФ) 
қатысуы тиіс. Синтезделу барысында бұлардан пирофосфаттар 
бөлініп шығады. РНҚ биосинтезінде де комплементарлық прин-
цип сақталады: А – У, Г – Ц. РНҚ синтезінің толық теңдеуі:
матрицалық ДНҚ тізбегі
аГТФ + вАТФ + сУТФ + dЦТФ РНҚ + (а+b+c+d) Н
4
Р
2
О
7
Мg
2+
, РНҚ-полимераза
ДНҚ-да сақталған генетикалық информация (хабар) транс-
крипция процесі арқылы бір тізбекті РНҚ молекуласына кө-
шіріледі. Кейін РНҚ рибосомаларға ауысады.
транскрипция
трансляция
ДНҚ
РНҚ
Белок
кері транскрипция
Транскрипция нəтижесінде үш түрлі РНҚ синтезделеді. Олар: 
рибосомдық РНҚ (рРНҚ), информациялық немесе матрицалық 
РНҚ (мРНҚ) жəне транспорттық РНҚ (тРНҚ). 
РНҚ-полимеразалардың функциясы:
30-кесте
РНҚ-полимераза типі
Синтезделетін РНҚ типі
І (А)
р-РНҚ
ІІ (В)
м-РНҚ
ІІІ (С)
т-РНҚ
РНҚ транскрипциясы үш этапта жүреді: инициация, элонга-
ция жəне терминация.
Алғашында барлық РНҚ ұзын алғызат ретінде түзіледі, ке-
йіннен олар қысқа молекулаға айналады. Мұндай айналып өз-
герудің бірнеше кезеңін басынан өткізеді, мұны «процессинг» 
(«пісіп жетілу») деп атайды. Алғызаттар жəне процессингтің 
аралық өнімдері РНҚ деп аталады. 
Транскрипция біткеннен кейін РНҚ молекулалары бірден бе-
локтармен қосылып, рибонуклеопротеинді комплекстер түзеді. 


183
Рибонуклеопротеинді комплекстер құрамында ядролық гете-
рогенді РНҚ болуы мүмкін, мұндай комплексті ядролық инфор-
мосомаларда белок пен РНҚ қатынасы 4:1 құрайды.
Ядролық гетерогенді РНҚ - ұзын тізбекті молекула. Тізбек 
бойында ретсіз монобөлшектер орналасады, бұл белоктар гло-
булалар немесе информофералар. Информофераның сыртқы 
бетінде 600-дей нуклеотидтер болуы мүмкін.
1966 ж. А. С. Спирин информосомалар цитоплазмада мРНҚ-
ның трансляцияға дейін сақталу формасы деген болжам жасады. 
Процессинг кезінде ферменттердің əсер етуімен алғызаттан 
нуклеотидтер үзіліп бөлінеді жəне одан кейін қайта қосылады, 
өйткені ДНҚ құрамындағы ген бүкіл молекула бойында бөлке-
бөлке болып, шашырай орналасқан. 
Тұқымқуалау мəліметін беруде жəне белоктар биосинтезі ке-
зінде əр РНҚ белгілі бір қызметті атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет