Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев


-сурет.  Белоктардың ағзада алмасуы нобайы 189



Pdf көрінісі
бет92/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

26-сурет
Белоктардың ағзада алмасуы нобайы


189
1. тамақпен түскен белок денатурациялайды;
2. ағзаға тамақпен енген микроағзаларды өлтіреді;
3. пепсиногеннің активті түрі пепсинге айналуының инициа-
торы Н
+
иондары көзі. Пепсиноген тізбегінен 42 амин қышқылы 
үзілгеннен кейін ол активті пепсинге айналады. Пепсин эндону-
клеаза тобына жатады. 
Белоктар мен жоғары молекулалы пептидтердің ыдырауын 
пепсиннен кейін үш эндопептидазалар жалғастырады, бұл ұйқы 
безінің сөлінде болатын трипсин (активті емес түрі – трипсино-
ген), химотрипсин (проферменті химотрипсиноген) жəне эласта-
за (проэластаза) ферменттері.
Трипсиногеннің трипсинге айналуы энтеропептидаза фер-
ментінің əсерінен трипсиногеннің N – соңынан 6 амин қалдығы 
үзілгеннен кейін болады. Трипсин лизин мен аргинин түзген пеп-
тидтік байланыстарды ғана үзеді.
Химотрипсиннің 
α, β, γ
деген түрлері бар, олардың про-
ферменттері: химотрипсиноген А жəне химотрипсиноген В. 
Трипсинге қарағанда химотрипсиннің субстраттық əсері кең, ол 
пептидтермен қатар эфирлерді, амидтерді т.б. катализдейді.
Ұйқы безінің сөлінде кездесетін тағы бір фермент - эластаза, 
аты эластин деген субстраттан алынған. Эластаза құрамында гли-
цин мен аланин амин қышқылдары көп мөлшерде кездеседі, əсер 
ету спектрі кең, трипсин мен химотрипсиннен ыдырамай қалған 
субстраттарды гидролиздейді.
Табиғи белоктардың гидролизін катализдейтін басқа да фер-
менттер бар: экзопептидазалар (аминопептидаза, карбоксипепти-
даза) (26-сурет).
Пептидтер гидролизі, олардың амин қышқылдарына дейін 
ыдырауы аш ішекте аяқталады.
8.2. Амин қышқылдарының ыдырауы
Адам ағзасында амин қышқылдарының негізгі көзі – белок. 
Асқорыту жолдарында белоктар, ферменттер қатысуымен жүретін 
гидролиз нəтижесінде амин қышқылдарын түзеді. Қанға түскен 
амин қышқылдары ағзаның басқа мүшелеріне, ұлпаларға тараты-


190
лып, негізгі бөлігі белоктардың биосинтезі үшін қолданылады. 
Қалған бөлігі – тотығып, дезаминдену, трансаминделу, декарбок-
силдену сияқты көптеген өзгерістерге ұшырайды (27-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет