52
Ата
-
аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар:
-
Ата
-
аналар жиналысында балалардың оқудағы қателіктері мен
сәтсіздіктерін емес, ата
-
аналарды сындарлы және ағарту жұмыстарын жүргізу
керек.
-
Жиналыстың тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне бағытталуы
тиіс.
-
Жиналыс теориялық және практикалық сипатта болуы керек:
жағдайларды талдау, тренингтер, пікірталастар және т. б.
-
Жиналыс оқушының жеке тұлғасын талқылаумен немесе айыптаумен
айналыспауы тиіс.
Қамқоршылық
кеңес және оның қызметін ұйымдастыру
Қамқоршылық
кеңестің мақсаттары:
білім беру ұйымдарына жәрдемдесу, бекітілген жарғылық функцияларды
орындау;
білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогтары үшін қажетті
жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарына қаржылық қолдау
көрсету, материалдық
-
техникалық базаны нығайту;
білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Қамқоршылық
кеңестің қызметі «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 44
-
бабының 9
-
тармағына сәйкес әзірленген
«Қамқоршылық
кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру
ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен» реттеледі.
Қамқоршылық
кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата
-
аналар
комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік
органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс
-
қимыл
жасайды.
✓
«Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі: қызмет ету ерекшеліктері»
тақырыбында әзірленген әдістемелік ұсынымдамалар
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясының сайтында орналасқан (https://uba.edu.kz/qaz).
Достарыңызбен бөлісу: