48
қабылдау
қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс
-
қимыл қағидаттарын тәрбиелеу
мен қалыптастыру;
-
білім беру ұйымының психологиялық
-
педагогикалық, әлеуметтік
қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату
және практикаға енгізу;
-
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен
ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді
жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық
-
педагогикалық қолдау көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық,
топтық өзара
ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
-
білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру,
денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер мүдделі органдарымен
өзара ынтымақтастық орнату.
Орта білім беру ұйымындағы психологиялық қызметтің қызметінің
принциптері:
1) кәсіби этиканы сақтау;
2) баланың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;
3) білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшеліктерін есепке
алу;
4) психологиялық және педагогикалық білімді интеграциялау;
5) баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз етуге
міндетті;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата
-
аналардың, педагогтердің
денсаулығына, ар
-
намысына және қадір
-
қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін
болдырмау;
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде
қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі мен үздіксіздігін
сақтау.
Психологиялық қызметтің жұмысы білім берудің барлық деңгейінде
ұйымдастырылады:
1)
Бастауыш білім беру деңгейінде –
оқушыны
танымдық және оқу
уәждемесін, дербестікті және өзін
-
өзі реттеуді дамытуда, әрбір білім алушының
шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруда қолдау;
2) Негізгі орта білім беру деңгейінде –
оқытудың жаңа жағдайларына
бейімделу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің танымдық және оқу іс
-
әрекетін дамыту, жеке және құндылықты
-
мағыналық өзін
-
өзі дамыту және өзін
-
өзі тану міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге
тұрақтылықты қалыптастыру;
3) Жалпы орта білім беру деңгейінде –
білім алушы мен тәрбиеленушіге
өзін
-
өзі анықтауға және жеке бірегейлікке, бейінді бағдарлануға көмек көрсету,
мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, тұрақты
дүниетанымның қалыптасуына көмектесу.
Білім беру ұйымының психологиялық қызметінің
құрамына орта білім
беру ұйымы басшысының орынбасары, педагог
-
психолог (штат кестесіне
сәйкес), әлеуметтік педагог енеді. Психологиялық қызметтің құрамы білім беру
49
ұйымы басшысының бұйрығымен рәсімделеді және бекітіледі. Сынып
жетекшілері,
тәрбиешілер,
кураторлар,
пән
мұғалімдері,
медицина
қызметкерлері білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық
-
педагогикалық қолдау процесіне қатысады және лауазымдық міндеттеріне
сәйкес ата
-
аналармен және өзге де заңды өкілдермен
өзара ынтымақтастық
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: