55
Жеке тәсіл аталған ерекшеліктерді ескеріп қана қоймай, әрбір білім
алушымен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбір білім алушылар үшін
жеке жұмыс істеу –
дамудың негізгі шарттарының бірі екендігін естен шығармау
керек.
Осылайша, инклюзивті білім беру жағдайында қазіргі педагог қызметінің
негізгі ерекшелігі –
кәсіби қызметінің көп бағыттылығы және әртүрлілігі.
Сабақта мұғалім шешетін міндеттердің ішінде ең бастысы –
білімді меңгеруіне
қолайлы жағдай жасау негізінде білім алушыны кез келген оқу әрекетіне қосу.
«Білім беру ұйымдарында психологиялық
-
педагогикалық қолдап отыру
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығында
ерекше білім беруді
қажет ететін білім алушылардың келесі топтары анықталған:
1)
мінез
-
құлық
және
эмоционалдық
проблемалары,
қолайсыз
психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала
-
ата
-
ана және
отбасыішілік қарым
-
қатынастар) бар балалар;
2) әлеуметтік
-
психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени
сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық
немқұрайлылығы; жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған
балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар);
3) даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек
-
қимыл
аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық
-
еріктік бұзылыстар)
бар балалар.
Төменде ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, балаларды
оқыту стратегиясын құруда мұғалімдерге арналған ресурстар мен сілтемелер
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: