ГЕГЕЛЬ ,
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770–1831) —
неміс философы, неміс классикалық философиясының және
романтизм философиясының жасаушысы. Диалектикалық
идеализмнің универсальді жүйесін және диалектикалық
логиканы (диалектикалық әдісін) құрды.
Шығармалары: «Рух феноменологиясы», «Құқық философиясы», «Дін
философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы»,
«Табиғаттың
философиясы»,
«Рухтың
философиясы»,
«Тарих
философиясы», «Логика ғылымы», т.б. Ол өз философиясының бастамасы
етіп
абсолют идеясы н алды.
ГЕЛЬВЕЦИЙ ,
Клод Адриан Гельвеций (1715–1771) —
француз
әдебиеттанушысы,
утилитарлық
бағыттағы
материалист-философ; Ағартушылық кезеңіндегі француз
буржуазиясының идеологы. Материализм және сенсуализм
өкілі.
Шығармалары: «Ақыл туралы», «Адам, оның ойлау
қабілеті мен тәрбиесі жөнінде». Гелвеций ақыл табиғаттың
берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді.
Адамның мінез-құлқы туа бітпейді, ол өмір сүру барысында қалыптасады деп жазды.
ГЕРАКЛИТ ,
Гераклит Эфесский (б.д.д.544–483ж.ж.) —
Милет мектебіндегі философиялық дәстүрді дамытушы, саяси
қайраткер, философ, ғұлама ойшыл. Оны ілімдегі терең
ойлары үшін «Тұңғиық» деп атаған.
Шығармасы: «Табиғат
туралы». Алғаш рет диалектиканың тарихи немесе алғашқы
бастамалық формасының негізін қалаушы. Ол заттардың
түпнегіздік генетикалық бастамасын –
От деп есептеген.
Бірақ сезім үшін – От сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін ол –
Логос ,
обьективті заңдылық. Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана
тән емес, ол жалпы ғарыштық құбылыс. Ол барлық денелер өзен сияқты ағып
жатады, ал