280
ДОСМҰХАМЕДОВ
,
Халел Досмұхамедов
(1883–1937) —
Алаш
қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым.
Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы
мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам
қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы,
тілтанушы, әдебиетші,
ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер
аудармашы.
ДОСТОЕВСКИЙ
,
Федор Михайлович Достоевский
(1821–
1881) — орыс жазушысы, философ.
Экзистенциализм және
философиялық антропологияның қалыптасуына ықпал етті.
Шығармалары:
«Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды
Қарамазовтар», т.б. Онда ол Ф.Ницшенің және И.Кант
философиясының ықпалында болды. Оның шығармаларының
желісі -
адамның ішкі дүниесі
,
психологиялық күйзелістері
.
Оның
мақсаты
христиан дініне негізделген, құдайға сенген
қоғам құру болды.
ДУЛАТ-АҚЫН
,
Дулат Бабатайұлы
(1802–1874) —
атақты
«Зар-Заман» ақыны және ойшылдарының бірі. 1880ж.
Қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағында сол
кезеңдегі
қазақ
елінің
саяси-әлеуметтік
өмірін
шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Оның
өлең-жырларының басты сарыны — орыс отаршылдарына
рухани қарсылық көрсету.
Шығармалары:
«Тегімді
менің
сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», т.б. жырлары
мен жеке кісілерге айтқан «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: