1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   260
Шығармалары:
«Сипаттау психологиясы», «Рух 
туралы ғылымға кіріспе», «Герменевтиканың пайда болуы». 
ДИОГЕН
,
 
Диоген Синопский
 
(шам.б.д.д.412ж.–10 маусым 
б.д.д.323ж) — Антисфеннің шәкірті, 
Киниктер мектебі
нің 
негізін қалаушы, А.Македонскийдің замандасы, Киниктік 
философиясының теоретигі мен практигі, әйгілі философ. 
Өмірде материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда 
қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырып, нағыз 
данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген.
 


280 
 
ДОСМҰХАМЕДОВ
,
 
Халел Досмұхамедов
(1883–1937) — 
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 
Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы 
мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам 
қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, 
ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер 
аудармашы. 
ДОСТОЕВСКИЙ
,
 
Федор Михайлович Достоевский
(1821–
1881) — орыс жазушысы, философ. Экзистенциализм және 
философиялық антропологияның қалыптасуына ықпал етті. 
Шығармалары:
«Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды 
Қарамазовтар», т.б. Онда ол Ф.Ницшенің және И.Кант 
философиясының ықпалында болды. Оның шығармаларының 
желісі - 
адамның ішкі дүниесі

психологиялық күйзелістері

Оның 
мақсаты
христиан дініне негізделген, құдайға сенген 
қоғам құру болды.
ДУЛАТ-АҚЫН

Дулат Бабатайұлы
 
(1802–1874) — атақты 
«Зар-Заман» ақыны және ойшылдарының бірі. 1880ж. 
Қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағында сол 
кезеңдегі 
қазақ 
елінің 
саяси-әлеуметтік 
өмірін 
шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Оның 
өлең-жырларының басты сарыны — орыс отаршылдарына 
рухани қарсылық көрсету. 
Шығармалары: 
«Тегімді менің 
сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», т.б. жырлары 
мен жеке кісілерге айтқан «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет