ҚОРҚЫТ ,
Қорқыт-Ата (VIIIғ) — ақын, жырау, асқан
күйші-қобызшы. Ол түркі қауымының қаһармандығы,
мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып
береді. Қорқыт-Ата ертегілері мен дастандары –
түркі мифологиясының қайнар көзі . Ұлы күйшіге өзі іздеген
мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Қорқыт ата
кітабында
тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп
ұшырасады («Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі»;
«Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды»; т.б).
ҚЫДЫР-АТА – Шығыс халықтарының, соның ішінде түркі халықтарының
мифологиясындағы тұлға, игілік, молшылық, байлық пен бақыт әкелуші.
ЛАКАН ,
Жак Лакан (1901–1981)
— француздық
психоанализдің
теоретигі
мен
практигі.
Лакан
психоанализмі қағидасының
негізгі идеясы - тіл құрылымы
мен бейсаналықтың әрекет тетіктерінің ұқсастығы мен
үйлесімдігі. Ол рәміздіктің (символизмнің) ойлаудан,
тілден, тарихтан, адамдық практикалық өмірден үстемдігін
анықтады.
О ның тезисі: «бейсаналық тіл сияқты
құрылымданған». Бейсаналық - «Өзгенің» сөзі. Фрейдтің
триадасы: «Ол - Мен - Асқан - Меннің» орнына Лакан «шындық» -
«елестету» - «рәміз» триадасын пайдаланды.
ЛАКАТОС ,
Имре Лакатос, Лакатош, Аврум Липшиц (1922–1974) — венгрлердің ғылыми ортасынан шыққан
ағылшын философы және ғылым тарихшысы. Өзінің
зерттеулерінің мақсаты деп, білімнің өзгеру үрдісінің
логика-нормативті
қайта
құрылуын
және
ғылыми
теориялардың
даму
логикасын
құру
деп
білген.