1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

КУН
,
 
Томас Сэмюэл
 
Кун
(1922–1996) — американдық 
философ, өзінің 
парадигма
лар ұғымымен танымал, ғылым 
философиясындағы тарихилық бағыттың көшбасшысы. 
Шығармасы:
«Ғылыми революция құрылымы» (1962), т.б. 
Ғылым дамуы процесінің негізгі бірлігі парадигма – зерттеу 
қызметі негізі ретінде ғылыми қауымдастық мүшелері 
мойындайтын концептуалдық схеманы ойлап тапты. Кунның 
анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды 
компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы 
және ғылыми революция.
КОНФУЦИЙ, 
Кун-фу-цзы
 
(б.д.д.551–479ж.ж.) — көне 
Қытайдағы атақты ойшыл. Ізбасарлары ұстазының және 
өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын 
жинақтап, 
«Әңгімелер мен пікірлер»

Лунь юй
») деген 
конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге 
келтірді. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш 
– 
Аспан
,
ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. 
Қарастырған мәселесі
адамдар арасындағы қарым-
қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек 
көңіл бөледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы 
үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен 
өмір сүруі қажет. Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт 
тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы 
қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан 
билеуші – билеуші, шенеунік - шенеунік, әке - әке, ал бала - бала болып, 
аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда 
күтпеген жерде кездейсоқ өзгерістер бола қалса, ол тез арада өз қалпына 
келуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет