АШАРИТТЕР — ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн
Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт.
ӘДІС — гр. тіл. ауд. – зерттеудің, танымның жолы. Яғни танымның саналы
түрде қолданылатын әдісі.
ӘДІСНАМА — кейбір затты тануда қолданылатын тәсілдер жүйесі немесе
таным тәсілдері туралы философиялық ілім.
ӘЛЕМГЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАС — адамның дүниетаным негізінде тұтас
нәрсе ретіндегі әлемге деген тәжірибиелік қатынасы. Сонымен бірге
дүниетаным мен дүниеге деген қатынасы өзара бірін-бірі түзеп, дамытады.
ӘУЕЛГІ БАСТАУ — барша болмыстың әуелгі қайнар көзі.
ӘУЕЛГІ ҚОЗҒАЛТҚЫШ — Ғарыштағы кез келген үдерістің қайнар көзін
белгілейтін Аристотель философиясының категориясы.
ӘУЕЛГІ ЭЛЕМЕНТ (СТИХИЯ) — ежелгі грек философиясы бойынша
шындықтағы алуан түрлі құбылыстардың негізінде жататын нәрсе.
ӘМБЕБАПТЫҚ (ЖАЛПЫЛЫҚ ) — ерекшелік пен жекеліктің нақтылы
біртұтас құрамындағы заңды байланысы мен өмір сүру формасы.
БАТЫСШЫЛДАР — ХІХғ. ортасындағы орыс қоғамындағы ағым.
Олардың пікірінше, Ресей жалпыевропалық сценарий бойынша даму жолына
түсуі тиіс.
341
БАТИНИТТЕР — Қасиетті мәтінде түсіндіруді қажет ететін жасырын,
құпия мәні бар деп есептейтін бағыттың өкілдері.
БАЗИС және
ҚОНДЫРМА — К.Маркс пен марксизмнің қоғам туралы
ілімінің категориясы. Базис – экономикалық (өндірістік) қатынастардың
жүйесі. Қондырмаға саяси, құқықтық және басқа да әлеуметтік қатынастар,
ғылым, өнер, мораль, дін және оларға сәйкес келетін қоғамдық сананың
түрлері жатады.