1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ГИПОТЕЗА ( грекш. - негіз, мән, болжам )



Pdf көрінісі
бет195/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ГИПОТЕЗА (
грекш. - негіз, мән, болжам

— тұжырымдау, ой қорыту 
жүйесі, сол арқылы бірқатар фактілер негізінде обьектінің, байланыстың 
немесе құбылыс себептерінің болуы туралы тұжырым жасалады, алайда бұл 
тұжырымды әбден анықталған деп санауға болмайды. Осы тұжырымның 
мазмұнын – гипотеза деп те атайды. 
ГНОСТИКТЕР
(грек тіл. ауд. – «гносис» таным) — христиан теологиясын 
Көне Шығыс діндерімен, неоплатонизм және пифагоризммен біріктірген 
діни-философиялық ағым. 
ГУМАНИЗМ 
— адамгершілік, адам өмірін, оның ақыл-ойын, еркін, т.б. 
алдыңғы қатарға қоятын бағыт, XIVғ
. - 
XVғ. орта шені, оның орталығы 
Италия болды. 
ГУРУ 
(санкр. - «
рухани ұстаз
») — Үндістандағы сикхілер діни қауымының 
басшысы. Бірінші гуру ретінде сикхизмнің негізін салушы Нанак (1469-1536) 
танылды. 
ҒЫЛЫМ 
— адам қызметінің ерекше формасы, әлеуметтік-мәдени құбылыс, 
феномен, тұтастық ретінде, шын мәнінде XVIIғ. бері қалыптаса бастады. Ол 
дербестігіне ие болып, ғылыми институт қалана бастады, ғалымдар, яғни 
ғылыми қызметтің субьекттері пайда болды. Ғылымның дамуы күрделі 
диалектикалық процесс, ол эволюциялық дамумен бірге революциялық, 
секіріс түрінде де дамиды. Ол кумулятивті, яғни біртіндеп білім жинайды, 
байиды. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы білімдер жасауға 
бағытталған және оның барлық шарттарын түгел қамтитын зерттеу 
қызметінің саласы. Ғылым – қоғамдық сананың формасы.


346 
ДАО
— қытай тіл. ауд. – «
жол»
қытай философиясының ең басты ұғымы. 
Дао бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен 
қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, 
әрбір бастаманың басы. Дао барлығынан бұрын пайда болған, 
диференциалданбаған біртұтастық, «құпия сәйкестік», бойында барлық 
символдар мен заттар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет