345
түсіну және өзара түсіністік теориясы
деп те атайды.
Бұл бағыт мән,
түсіну шарттары мен алғышарттары, мәдениеттің мәтіндерін, дәстүрді, жол-
жораны, әлемнің ұлттық бейнесін, әртүрлі өмірлік практикаларды түсінуді
жүзеге асыратын тәсілдерді анықтау сияқты ең өзекті мәселені шешуді
көздейді. Г.Гадамер М.Хайдеггердің идеяларын дамытқан.
ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ ШЕҢБЕР
—
антикалық риторикадан алынып,
ортағасырларда киелі жазбаларды - Інжіл мен Құранды түсіндіруде кеңінен
қолданылған герменевтиканың қағидасы. Герменевтикалық шеңбер –
түсінудің ерекше құрылымы, онда түсінік әрқашан нобайдан,
тұтастық
жобасынан және түсіну қажет болатын заттан басталады. Кейін бөліктерді,
деректерді зерттеу жүзеге асады және олар бастапқы жобаны дәлелдесе, онда
тұтастық байып нақтыланады. Егер дәлелдемесе,
тұтас нәрсенің басқа
нұсқасын алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: