1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет193/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ВАРНА 
— 
 
ертедегі үнді қоғамындағы әлеуметтік қауымдастықтың аты. 
ВАХДАТ ӘЛ-ВУДЖУД 
— болмыстың бірлігін көрсететін исламдық 
тұжырым. Әл-Ғазалидің, ар-Румидің, Ибн Арабидің сопылық ілімінде кең 
қолданылған. 
ВЕДАЛАР (
санкскр. «киелі білімдер») — тайпалық қоғам ыдырай бастаған 
кезде таралған мифтер, ежелгі үнділердің мифологиясын, космологиясын, 
әлеуметтік қатынастарын қамтитын діни және философиялық гимндердің, 
табынудың, жалбарынудың, өлең айтудың, құрбандық шалу рәсім-
салттарының жиынтығы. Немесе барлық көне және қазіргі Үндістан 
философиясынан шыққан мәңгілік діни ашылым деп есептелген ең көне 
үнділік 
діни жазулардың жинағы
. Б.д.д. XVғ.ғ. Орта Азия, Еділ жағалауы, 
Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни-
философиялық трактаттары, үндідегі 
ең көне діни жазулар:
Ригведа, 
Яджурведа, Самаведа, Атхарваведа. Ведаларға әр түрлі мәліметтер 
(комментарийлер) жинағы брахмандар, араньяктар, упанишадтар қосылды. 
ВЕДАНТА
— ортодоксальді ағымдағы ең ірі үнді философиясындағы 
мектеп. Рухани бастама түріндегі түпнегіз, субстанция мәселесі. 
ВЕРИФИКАЦИОНИЗМ 
— ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық 
тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік тұжырымдама . 


344 
ВЕРИФИКАЦИЯ
— қайсыбір тұжырымдар немесе тәртіптерде ақиқатты 
орнатудың процедурасы. 
ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ
(ағылш. – батыстық) — Батыс мәдениеті үлгілерін 
қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе болмыстық донор 
мәдениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабылдауы. 
ВИРТУАЛДЫҚ 
немесе
ВИРТУАЛИСТИКА (
лат. «мүмкін болатын», 
анықталған бір шарттарда пайда бола алатын және пайда болатын да) —
психологиядағы бір бағыт. Ол мақсат ұйғарыммен бітімделген, бірақ оны 
сезіну, ұғыну да, әрі сезінбеу, ұғынбау да мүмкін. Мысалы, компьютерлік 
виртуалды шындық. 
ВОЛЮНТАРИЗМ 
(лат. тіл. ауд. - воля, жігер) — Ф.Теннис 1883ж. енгізген 
термин. Философиядағы идеалистік бағыт, жігерді болмыстың жоғарғы 
принципі ретінде қарастырады. Рухани болмыста жігерді бірінші орынға қоя 
отырып, волюнтаризм барлық заттың негізі ретінде интеллект, ақыл-ойды 
танитын интеллектуализмге (немесе рационализмге) қарсы тұрады. 
ГАНДИШІЛДІК 
— Үндістанның рухани «атасы» Мохандас Карамчанд 
(«Махатма») Гандидің ілімін ұстанушылардың дүниетанымдық, саяси–
мәдени жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет