ЭПОС
— грек тілінен ауд. – ерте заманнан қазіргі ел ауызында сақталып
қалған (батырлар жайлы) сөз, баяндау, әңгіме, өлең.
ЭРОС
— ежелгі грек нанымында Махаббат Құдайы.
ЭЙДОС
— Платон философиясында «идея» терминінің синонимі – жалқы
заттардың трансцендентті ақылмен жетерлік формасы-үлгісі. Ол заттардан
жеке өмір сүреді және оларға қатысты болады.
ЭРОТЕМАТИКА
(грек. – сауал) — сауал қою өнері. Қарама–қайшы ұғым –
акроматикалық.
ЭСТЕТИКА
(грекш.
–
сезіну, сезімдік) — адамның дүниені сұлулық,
әсемдік заңдылықтары тұрғысында бейнелеуі туралы ілім. Бұл терминді
1785ж. неміс философы
Александр Баумгартен
енгізді.
ЭСХАТОЛОГИЯ
— адам және ақырзаман жөніндегі діни ілім.
ЭТИКА (
грекш. - әдеп, ғұрып, салт) — мораль мен әдептілік туралы
философиялық ілімдер жүйесі. Бұл ұғымды Аристотель (б.д.д.384-322) алғаш
рет қолданды.
ЭТНОС
— адамдардың тарихи қалыптасқан аумақтық және мәдени
жиынтығы.
ЭТНОЦЕНТРИЗМ
(грекш. – тайпа, халық және латынш. – жиын орны,
орталық) — біртұтас этникалық сана-сезімдегі тұлғалардың, әлеуметтік
топтардың, қауымдардың дүниені тек этникалық көзқараспен қабылдауы.
Ұғымды
Сатнер
мен
Гумплович
енгізген.
399
ЯН
және
ИНЬ
— дәстүрлі Қытай мифологиясының һәм философиясының
басты космологиялық түсініктері. Мағынасы:
Ян – аспани дүние
ге сілтесе,
Инь
– жердегі әлем
. Бұлардың қосарланған болмысы және жұп жазбауы
бүкіл әлемдік процестердің, адам өмірінің, таза танымының және
әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Екеуі дүниені тәртіпке келтіуші күш ретінде
көрсетеді. Оларға мынадай сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы
және жарық, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы,
туушы және тудырушы.
400
Достарыңызбен бөлісу: |