28
2 - БӨЛІМ
ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМЫ ТАРИХЫНА ШОЛУ
Оқу құралының екінші бөліміндегі арнайы көрсетілген кестелер
философия ілімінің дамуы тарихына арналған. Онда, атап айтқанда 15 -
кестеде Ежелгі дүниедегі философияның қалыптасу кезеңдері мен аймақтары
көрсетілген. 16 - кестеде әр түрлі тарихи кезеңдердегі философиялық ойдың
дамып, оның қалыптасуына ықпал еткен маңызды деген жағрапиялық
орталықтары көрсетілген.
17 - кестеде Шығыс және Батыстағы кейбір ірі ойшылдарының үш
мыңдық жыл шамасындағы ықпалды кең ауқымдағы философиялық
ағымдары айтылған. Әрі қарай, ежелгі үнді және қытай философиясына,
антикалық грек-рим философиясына, ортағасырлық христиан және мұсылман
әлемі, қайта жаңғыру кезеңі мен жаңа дәуір философиясына, орыс және қазақ
философиясына, қазіргі заманғы батыс философиясына, сол аталмыш
кезеңдердегі тарихи-философиялық дәстүрлеріне шолу жасалған. Онда аз
қамтылған ойдың дәстүрлі әрі маңызды деген тұстарына жете мән берілген.
Схемалар мен кестелер белгілі мәдени аймақтардың немесе тарихи
кезеңдеріндегі басты бағыттары (ағымдары), маңызды ұғымдар мен
идеяларды дүниеге әкелген философиялық мектептердің даму кезеңдері де
көрсетілген.
Осылайша, оқу құралының екінші бөлімінде көрсетілген кестелер
тарихи-философиялық материалдарды бір жүйеге келтіріліп, студентке
адамзат
тарихындағы
философиялық
ойдың
дамуының
басты
заңдылықтарына, нақты ойдағы құрылымдарға тоқталып, философияның
дамуы мен қалыптасуы тарихы жөнінде мағлұмат алуға өз септігін тигізеді.
|