20
10 - кесте
ФИЛОСОФИЯ АДАМҒА НЕ БЕРЕДІ?
(ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚЫТЫП-ҮЙРЕТУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ)
____________________________________________________________________
1
ДҮНИЕ
ЖӘНЕ
АДАМ ЖӨНІНДЕГІ САУАЛДАРҒА
ЖАУАП БЕРУГЕ ТЫРЫСАДЫ
2
ДҮНИЕДЕ ӨЗІНІҢ ОРНЫН ТАБУҒА
ЖӘНЕ
ӨМІРДІҢ
МӘНІ ЖӨНІНДЕ ОЙ ҚОЗҒАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
3
«АҚЫЛДЫ ӨМІР» ҚАҒИДАСЫНА БАСТАЙДЫ,
СОҒАН ОҚЫТАДЫ
4
ІШКІ РУХАНИ ДҮНИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА
ЖӘНЕ
ӨМІРДЕГІ ТҮРЛІ ҚИЫНДЫҚТАРҒА
ТӨТЕП БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
5
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ, ЯҒНИ
КЕЗ КЕЛГЕН ПРОБЛЕМАНЫ КӨРЕ БІЛУГЕ
ЖӘНЕ
ОНЫ ОЙДАҒЫДАЙ ШЕШУГЕ БАСТАЙДЫ
6
АДАМНЫҢ ІШКІ РУХАНИ ҚУАТЫН АША ТҮСЕДІ
7
БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАЙ БІЛУГЕ ҮЙРЕТЕДІ
21
11 - кесте
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
(ФУНКЦИЯЛАРЫ)
__________________________________________________________
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ФУНКЦИЯЛА
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
ГУМАНИСТІК
ЖАЛПЫМӘДЕНИЕТТІК
ГУМАНИСТІК
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАЛПЫМӘДЕНИЕТТІК
24
14 - кесте
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТЫ ӘДІС-МЕТОДТАРЫ
(АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ)
____________________________________________________________________
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ
МЕТАФИЗИКАЛЫҚ
ДОГМАТИКАЛЫҚ
ЭКЛЕКТИКАЛЫҚ
СОФИСТИКАЛЫҚ
ГЕРМЕНЕВТИКАЛЫҚ
25
Қосымша сұрақтар:
Философия - дегеніміз не?
Көзқарас - дегеніміз не?, оның өзіне тән ерекшеліктері қандай?
Мифологиялық сананың ерекшеліктерін атап бер.
Философиялық білімдер жүйесі.
Философиялық ойлаудың ерекшелігі.
Философияның мәдениеттегі алар орны.
Философиялық проблеманың табиғаты қандай?
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Ой қуу дегеніміз – өлімге дайындалу (Сократ).
Философиядан не пайда таптың деп сұрағанда: «Кез-келген адаммен
батыл сөйлесуді үйрендім» депті (Аристипп).
Философтардың басқалардан артықшылығы неде деп сұрағанда
Аристипп: «Егер бүкіл
заң жойылып кетсе, тек біз ғана бұрынғыша
өмір сүре береміз» деп жауап беріпті (Аристипп).
Философия тек ақылмен танылатынды ғана түсіндіре алады
(Ф.Аквинский).
Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің
қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен
жаман қылықтың ара жігін
ашуына көмектесетін күш (әл-Фараби).
Біз тарихтан кемеңгерлікті, поэзиядан – шешендікті, математикадан –
зеректікті, жаратылыстану ғылымдарынан – тереңдікті,
адамгершілік
философиясынан байыптылықты, логика мен көсемсөзден – айтысу
дағдысын үйренеміз (Ф.Бэкон).
Адам
ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық
жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады (Абай).
Философия – жұрттың бәріне қатысты дүние (М.Хайдеггер).
Философияның аздығы поэзияның сәнін бұза қоймайды (Г.Башляр).
Философияның міндеті – адамдарды сабасына түсіру емес, қысылтып-
қымсындыру (Л.Шестов).
Философтарға қатысты әлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді қолданып
көрмеген екен. Неге? (Л.Шестов).
Ақыл дегеніміз – міндетті түрде салауатты ой деген сөз емес (А.Адлер).
Әр халықтың моральдік философия мектебі бар (Э.Дюркгейм).
Философтың басты қасиеттерінің бірі – өзіне қатысы жоқ мәселелерге
мойын бұрмайтыны (Л.Витгенштейн).
Ойша келісу – философиямен айналысушылардың ең зор мақсаты осы
Л.Витгенштейн).
Философиялық тұрғыдан негізделген дүниетанымға ұмтылушы адам –
өз ақылына сүйенуге ерлігі жететін адам болуға тиісті (М.Шелер).