268
БОЭЦИЙ
(480–526)
— «соңғы римдік және бірінші схоласт»
(М.Грабманның
сипаттамасы
бойынша)
және
сонымен
қатар
ортағасырлықтың негізін қалаушы (Э.Рэнд). Ол антик дәуірінің рухани-
философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыстырушы,
антиктік
интеллектуалдық-философиялық
дәстүрдің
ортағасырлық
руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуатты транслятор болып
табылады. Аристотельдік ілімнің ұғымдық аппаратын рухани трансляция
жасап қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық
проблематиканың негізін қаңқасын да енгізді: универсалийлер, тринитарни
(Құдыретті Құдай, оның Ұлы және Қасиетті Рух арақатынастары),
субстанция, акциденция.
Достарыңызбен бөлісу: