1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

БҰҚАР-ЖЫРАУ
,
 
Бұқар Қалқаманұлы
(1685–1777) — 
қазақтың рухани тарихындағы ең атақты ойшылдарының 
бірі. Ол – өмірі шектеулі адам түгілі, жансыз табиғаттың өзі 
өшіп, өніп, қайта жаңғырып отырады дегенді айтқан. Бұқар 
жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет 
істеріне тікелей араласқан, қабырғалы би, өз заманының 
ұраншысы. Абылай хан өмірі арқылы, сол кездегі 
әлеуметтік-тарихи жағдайларды үлкен философиялық 
толғаныспен шын көрсете білген.
БҰЛЫТАЙ

Мұртаза Жүнісұлы Бұлытай
 
(21 қаңтарда 1969 
жылы туған, Түркия, Ұлықышла (Ұлықыстау) ауданы, Қазақ 
ауылы) — еліміздегі белгілі мәдениеттанушы, философ әрі 
дінтанушы (теолог) - ғалым. Қазақ Елінің тәуелсіздігін одан 
әрі қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген озық 
ойлы ұлтжанды азаматтарымыздың бірі.
БЭКОН
,
 
Роджер Бэкон
(
1214–1249) — ортағасырлық 
философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір 
айтып, таным процесінде тәжірибиенің беделін көтерген 
ойшылдардың бірі. Философияны, табиғаттану ғылымдарын 
теологиядан 
бөлу 
керектігін 
уағыздап, 
ғылымдар 
ғимаратының іргетасы – тәжірибие, эксперимент және 
математика деп есептеді. Ол өз кезеңіндегі ғұламаларды 
схоластикалық беделдің алдында бас июден гөрі тәжірибиеге 
жүгінуге, бос пікірталастықтан – экспериментке, керегі жоқ кітаптардан – 
табиғатты зерттеу
ге шақырады.
БЭКОН
,
 
Фрэнсис
 
Бэкон
(1561–1626) — ағылшын философы, 
тарихшы, саяси қайраткер, 
эмпиризмнің негізін қалаушы
(индуктивтік әдіс қолданды). Оның нақыл сөзі – «Білім-Күш». 
Шығармалары:
«Адамгершіл және саяси тәлімдер немесе 
тәжірибиелер» (1597), «Ғылымдарды арттыру және оның 
қадір-қасиеті туралы» (1615, 1623), «Табиғатты талқылаудың 
12-қағидасы – ойлар және бақылаулар», «Ежелгілердің 
даналығы туралы», «Аспан туралы», «Себептер мен бастаулар 
туралы», «Желдердің тарихы», «Өмір мен өлім тарихы», «7-Генрихтың 
тарихы», «Жаңа Атлантида» (1627), «Жаңа Органон» және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет