42
Блоктар механикалық және электрлік қосылулар үшін барлық бөлшектермен
жеткізіледі.
КТҚС негізгі үш бөліктері: жоғары кернеулі блоктар, күштік
трансформатор және тарату шкафтары (8.1 сурет).
8.1 cурет – Ішке орнатылатын КТҚС
Екі трансформаторлы КТҚС секциялық
шкафпен жалғанған екі бір
трансформаторлы қосалқы стансадан тұрады.
Күш трансформаторынан басқа КТҚС блоктары, зауыт-шығарушыдан
ылғал өткізбейтін материалмен ішінен қапталған ағаш жәшіктермен жіберіледі.
Күш трансформаторы,
блоктардың салмағы мен көлемі, темір жолмен де,
жәшіктер мен блоктар тігінен тұрған жағдайда көлік арқылы да тасымалдауға
болады.
Электр монтаждық жұмыстың басталуына дейін КТҚС блоктары газ бен
шаң жоқ, температурасы 0
о
С төмен емес жабық бөлмеде, тігінен тұрған
жағдайда сақталуы тиіс.
Электр монтаждық жұмыстың кезінде
КТҚС блоктарын кезекпен
орналастырады, ол үшін алдын ала бекітілімдерді, шиналардың бітеп тұрған
шеттерін алып тастайды. Блоктарды орнатып және бағаналық швеллерлерге
жерлендіру шиналарын дәнекерлеп болған соң
фундамент қарығына бетон
ерітінді құяды және жобаға сай трансформатор орнатады.
Тарату құрылғысы трансформатормен иілгіш қосқышпен жалғанады, ол
КТҚС жиынтығында әкелінетін болат жабындылардан тұратын қораппен
жабылады. Трансформатордың кірмесін болтпен қатайтқандағы күш нормаға
сай жасалады, себебі бактагы май ағып кетпеуі қажет.
КТҚС блоктарын монтаждауды аяқтағаннан кейін сымдар мен
аспаптардың дұрыстығын, әсіресе
жерлендіретін және контактілі, болттық
43
қосылулардың бекітілуінің сенімділігін, механикалық блоктаудың жұмысын,
изоляторлардың жағдайын (сызат, жарықшақ,
арқаулаудың бұзылуын және
қосылулардың бекітілімін) тексереді. Сосын алдын ала шеткі муфталарды
шетіне монтаждап (өңдеу), жоғары және төменгі кернеу кабельдерін қосады.
КТҚС жерлендіру үшін швеллерлерді жерлендірудің контурына екі жерден
тігісі 70 мм кем емес қылып дәнекерлейді [15].
Табылған ақауларды жою, монтаждалған
блоктарды реттеу мен
құрылғыны баптау жалпы зауыт-дайындаушының нұсқаулығына сай
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: