Некеденкейін әйел бақыты
167
қуанамыз, ерекше күнде киеміз. Бірақ жоғалтып алған
кезде, қатты қорқыныш, жаман сезім болмайды. Себебі, біз
оған ешқандай «вложение» жасаған жоқпыз. Ол бізге оңай
келді. Ал егер біз өміріміздің көп жылында жұмыс істеп,
ақшаны жинап, арманымыздағы көйлекті өзімізге сатып
алып, сол көйлекті күйдіріп алсақ немесе жыртып алсақ,
біздің көңіліміз қатты-қатты түседі. Себебі, ол ақшаны
маңдай
терімізбен,
«вложение»
жасап
сатып
алғанбыз.
September 14
Тағы бір мәселе. Бір қыз маған келіп айтады "Өзімді
қатты жақсы көремін, бағалаймын, бірақ менің жігітім
жаман. Ол мені бағаламайды, ол маған жылы сөз айтпайды.
Мен не істеймін? Неге ол сондай?" дейді. Бәрі бір факторға
байланысты емес. Егер сіз өзіңіздің күйеуіңізді бағалай
білмесеңіз, ол сізді бағаламайтын болады. Егер сіз оның
жақсы жақтарын байқамасаңыз, оның жақсы жақтарын
басқа әйел байқайтын болады. Ал неге біз адамдардың
жақсы қасиеттерін байқамайды екенбіз? Не үшін көзімізге
ілмейміз? Басқаға қарасақ, бірден жаман қасиеттері көзге
түседі. Себебі, бәрі балалық тәрбиеден басталады екен.
Мектепті мысалға алайық. Бізге қателіктерімізге қарап
бағаны қояды. Қызыл пастаны алып, екі қате болса 4, үш
қате болса 3 деген бағаны қояды. Бір қызық айта кетейін.
Бір бала мектептен 2 алып жылап келеді. "Мама, мен
мектепке бармаймын. Қарашы, дәптерімнің бәрі қып-
қызыл. Мен жаза алмаймын, үнемі көп қате шығады" дейді.
Сосын мамасы дәптерін ашып, қолына жасыл маркерін
ашып, баласының әдемілеп жазған әріптерін, сөздерін
жасыл маркермен белгілеп шығады екен. "Қарашы, балам,
қаншама әдемі әріптер жазыпсың, бүкіл дәптер жасыл
маркерге толып кеткен. Қызыл пастадан да көп" деп