Некеден кейін әйел бақыты


Егер сізде төмен самооценка болса, сіз басқа



Pdf көрінісі
бет107/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

 
Егер сізде төмен самооценка болса, сіз басқа 
адамдарға тәуелді болып тұрасыз. 
Бұл бірінші себеп. 
Қарап тұрсаңыз, біздің көп проблемамыз өзімізге деген 
сеніміміздің 
болмауынан, 
самооценканың 
төмен 
болуынан. Ал өзінің самооценкасын көтеру үшін адам ең 
бірінші —өзінің бағалы және қадірлі екенін білуі керек. Ол 
қалай біледі? Жақсы жолын айтайын. Хадисте 
айтылғандай—басқа адамдарға пайда жасап, өзіңізден 
жағдайы төмен адамға көмегіңізді бере алатындай 
болуыңыз керек. Міндетті түрде материалды тұрғыдан 
емес, жылы сөзбен, пайдалы кеңеспен, ақылмен көмек бере 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
172 
аласыз. Бірақ бір айта кететін жайт бар. Ақыл-кеңес 
сұрамаған адамға оны айтудың керегі жоқ. Ол сізге өзінің 
проблемасын айтып жатыр. Бірақ кеңес сұраған жоқ. Ол 
жерде сіз: мен сенің орнында болсам, "мен осылай істейтін 
едім, меніңше былай істеген дұрыс, сен солай істесейші, 
менің ақылымды тыңда",-деп айтуға болмайды. Ол үшін ең 
бірінші білім алып, ақыл жинау керексіз. 
Өзіңіздің бағаңызды сізде бар ресурстармен бөлісіп, 
көтере аласыз. Бір минутқа болса да ойыңызды, өзіңізді сол 
адамға деген тәуелділіктен босатыңыз." Пайдалы нәрсе 
берейін. Менде мүмкіндік бар ғой" дейсіз. Сонда сіз 
басқаларға тәуелді ғана емессіз. Сізге де біреу көмек беріп, 
сіз де біреуге көмек беріп, сізге де біреу тәуелді бола 
алатынын түсіну керексіз. Адамдар сізге алғысын айтып 
қуанғанда, сіздің жүрегіңіз жіби бастайды. Бағаңыз бен 
қадіріңіз бірден көтеріледі. Сонда сізде "мен тек қана 
мамамын, мен тек қана біреудің әйелімін, келінімін" деген 
ой болмайды. Сіз бір белгілі дәрежеге жетесіз.
Қыздар айтуы мүмкін: "Уақытым болмайды, қаржылай 
жағдайым болмайды". Тағысын тағы себептерін айтуы 
мүмкін. Қатты қалаған нәрсеге қалай мүмкіндік тауып 
алғанымызды байқамай қаламыз. Еркекте де, әйелде де 
сондай бір күш бар. Егер материалдық жағдай болмай 
жатса, сіз басқа адам үшін дұға ете аласыз. Жәй ғана 
қолыңызды жайып Алланың алдында "Иа, Раббым, осы 
адамға көмегіңді бере көр. Осы адамның өмірін жақсарта 
көрші",-деп дұға ете аласыз. Солай дұға еткеннен кейін 
ішіңізде жақсы сезім пайда болады. Жылу пайда болады. 
Сол адам үшін керемет жақсылық жасағандай сезімде 
боласыз. Осылай сіз өзіңізді тәуелділіктен босата аласыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет