Сонымен, тәуелділік деген не?
Бұл басқа адамға тиісті мөлшерден көп ресурс арнау.
Уақытыңызды, күшіңізді, назарыңызды, материалыңызды,
энергияңызды өзгеге тиісті мөлшерден көп арнау –
тәуелділік болып саналады. Тіпті ол адам сізден оны талап
етпесе де, сол ресурстарды өзіңізге арнап, өзіңізге көңіл
бөлудің орнына сол адамға арнайсыз.
Өзіңіз жайлы «Неге мен намаз оқып бастамаймын?
Неге мен ағылшынымды дамытпаймын? Неге мен Құранға
түспеймін? Неге мен ішімдегі майды кетірмеймін? Неге
мен кітап оқып бастамаймын?» деген сұрақтарды өзіңізге
қоюдың орнына «Неге ол кітап оқымайды? Неге ол бизнес
ашпайды, ол маған уәде беріп еді ғой. Неге ол темекіні
тастамайды, денсаулығына зиян ғой. Неге арықтамайды?»
деген сұрақтарға жауап іздеп, басыңызды қатыра бересіз.
Осының салдарынан ішіңізде күйініш сезімдері пайда
болады. «Мені ешкім жақсы көрмейді, мен барлығын
ойлап жүремін, мені ешкім ойламайды, алаңдамайды»
деген реніш, өкініш сезімдері пайда болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
180
Неге тәуелділік махаббат болып саналмайды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін өзімнің танысым жайлы
айтып бергім келіп отыр. Менің танысым өте әдемі,
ақылды, мейірімді қыз. Күйеуі бар. Күйеуі борщ жегенді
жақсы көрмейді, бірақ менің танысым күйеуінің борщты
жақсы көргенін қалайды. Күйеуі борщ жеуі үшін тамаққа
қант қосады екен. Тәуелді әйел дәл осындай әрекет
жасайды. Партнеры қаламайтын іс-әрекетті басқа
жолдармен, алдап-сулап істеткісі келеді. Дәл менің
танысым жасағандай жақсы көрмейтін борщты қант қосып
ішкізеді. Партнерыма жақсылық жасап жатырмын деп
ойлайды. Сол арқылы тәуелді әйел ерінің өмірін бақылауда
ұстағысы келеді. Басқа адамның өміріне, шешімдеріне
толығымен бақылау жасағысы келеді де, бірақ өз өмірімен
шаруасы жоқ әйелді тәуелді (созависимая) әйел дейді.
Өзіңізге үңілуді, өзіңізге қызығушылық танытуды, өзіңіз
жайлы ойлауды ұмытасыз, себебі сіздің бар ойыңыз
партнерыңызға бағытталған. Өз өміріңізде не істесеңіз де
барлығы сол адамға байланысты болып тұрады. Менің
танысым өзінің күйеуі жаңа, таза, ұқыпты болып киініп
жүргенін қалайды да, бірақ өзіне келгенде үтіктелмеген
киім де кие салады. Күйеуінің аяқ киімін күнде кешке
тазалап, кремдеп, жылтыратып қояды да, өзі аяқ киімін
сүртпей жүре береді. Солай жылдар бойы жасайды да,
бірақ ішінде күйеуіне деген реніш бар. «Неге ол да мені
мен сияқты ойламайды? Неге мені бағаламайды? Мен ол
үшін жасаймын ғой барлығын, неге ол да взаимно мен
үшін жасамайды?» деген сынды сұрақтар маза бермейді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |