Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
185
адамыңыз болса да, жанында жайбарақат бола алмайсыз.
Жаныңызда болса тыпыршып тағы қалай жақсы жағынан
көріне аламын деп еркін бола алмайсыз. Өзіңізді жай ғана
бар болғаныңыз үшін жақсы көреді ау деп ойламайсыз.
Сіздің басты қателігіңіз- ер адамның махаббатына
лайықты болу керек деген ой.
Бұндай ойдың барлығы қайдан келді?
Әрине, балалық шақтан бастау алды.
Сіздің сөзіңізді
маңызды деп көрмегеннен болуы мүмкін. Бағаламаған
шығар,
сөзіңізді
елемеген
шығар,
балалығыңыз
қорқынышпен өткен шығар немесе үйдің үлкені болып
бүкіл ауыртпашылықты, міндетті өз иығыңызға алып алған
шығарсыз. Балалық
шағыңыздан бастап кішкентай
бауырларыңызды бағып, соларды асырап немесе ауырып
қалған әжеңізді кішкентай бола тұра бағып қаққан
шығарсыз. Осының барлығы әсер етіп үшінші пункттегі
«кұтқару, көмектесу» элементі пайда болады.
Тәуелді
адамдар әрдайым өзін кемсітіп, төмендетеді де,
бірақ
сырттағы адамдар дұрыс сын айтса бірден ренжіп, көтере
алмай қалады.
Достарыңызбен бөлісу: