Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
193
3-ші бөлім.
Жеке шекара
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
194
Неге ер адам әйелді артық басқаруға
тырысады? Неге көп нәрсеге шектеу қояды?
Барлық ер адамдар өзінің сүйіктілеріне
шектеулер
қойып,
олардың
өмірін
басқарғысы келеді деп ойлап қалмаңыз.
Саналы, ересек
адам ешқашан біреудің
өмірін өз қажеттіліктеріне қарай өзгертуге
тырыспайды, және оны ешкімнен талап
етпейді.
Сіз еріңіздің әр сағатын, әр қадамын білуге
міндетті емессіз, ал еріңіз сіздің әр қадамыңызды
басқармауы тиіс. Бірақ
бұлай істеуге болмайтынын
білмейтін ер адамдар неге осындай әрекетке барады? Неге
ол сізді барығынан шектеп, сіздің өміріңізді басқаруға
тырысады?
Біреудің өмірін басқаруға
тырысу- адамның өзінің
сенімсіздігін көрсетеді. Телефонды ақтару, жұмыс істеуге
рұқсат бермеу, достарын саралау, киген киімін қадағалау,
уақытын басқару-бұның бәрі өзінің сенімсіздігін
көрсететін амалдар.
Еркек бұл әрекеттерді істегенде «саған сенбеймін»
немесе «сені уайымдаймын, сені жақсы көремін» деп
ақталу мүмкін, бірақ басты себеп бұда жатқан жоқ. Егер сіз
еріңізге
тәуелді болмасаңыз, онда еріңіз сізге әсер ете
алмай қаламын деп қорқатын болады. Сенімсіз адамдар
өздерінің сенімділігін осындай
әрекеттермен көтеруге
тырысады. Біреу оған отчет берсе, біреу оның сөзін, пікірін
сұраса, рұқсатын алса, онда сенімсіз адам сәл уақытқа
болса да өзінің біреудің алдында жоғары екенін сезінеді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: