4.
Қателік. Енеге ұқсамау.
Иә, бұл да қателікке жатады. Көп жерде «маска киме,
ешкімге ұқсама, будь собой» деп айтады ғой, тіпті, мен де
айтамын. Бірақ сіздің мақсатыңыз ененің тілін табу болса,
бұл жерде кейбір кеңесімді орындау керек боласыз. Енеге
ұқсамау деп- енеңіз бірнәрсені айтса, сіз оған бірден
өзіңіздің пікіріңізді айтып, оның сөзін талдап, кері шағып,
өз қалауыңызша қалай дұрыс болатынын жеткізуге
тырысуды айтамын. Бұл әрекеттермен сіз енеңізге «мен
сізге ұқсамаймын» деген сигнал жібересіз. Ал біздің
миымызда мынандай қасиет бар, ұқсамайтын адамға сенім
артпайды, ал ұқсайтын адамды өзіне жақын тартады.
Сондықтан сіз әңгіме барысында енеңізге «ал мен былай
ойлаймын, а біз олай жасамайтынмын, ал мен басқаша
істеп көрейін» деген сөздермен енеңіздің миына «алшақ
бол, сенбе» деген функциясын оятасыз. Бұл бізге қажет
емес қой.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
245
4-ші ереже: Енеге ұқсайтындай болу.
Енеңізді толық қайталаңыз демеймін, бірақ сондай
кейіп танытуға болады. Енеңізде жәй ғана «келінім маған
тартқан екен» деген ойы болса болды. Ол үшін әңгіме
барысында, сұрақтар қойғанда, енеңіздің жауабына қарай
сіз де өз жауабыңызды кері тартпай, ұқсата аласыз.
Мысалы, үй шаруасын сізге түсіндіріп жатқанда «иә, мен
де
солай
жинайтынмын»,
ал
психологиялық
тақырыптарды талқылағанда «дұрыс айтасыз, мен де солай
ойлаймын» деу арқылы ұқсайтыныңызды көрсете аласыз.
Ақша жайлы сөйлескенде егер оның ойы сіздікімен
келіспесе, сіздікі дұрыс екенін тікелей айтпай, жәй
үндемей-ақ қоюуыңызға болады.
Неге енелер кейбір келіндерді шеттетеді, ал кейбірін
жақын тартады? Себебі адамның ойлау программасы
установкаларына, көзқарастарына байланысты болады.
Кімнің установкалары мен көзқарастарына ұқсас-солар
бір-бірін жақын тартады. Дәл қазір баланың өсу кезеңін
мысалға келтіргім келіп отыр. Байқасаңыз, бала өскен
сайын оның жасөспірімдің ойы да ата-анасының ойынан
өзгеше бола бастайды. Егер ата-анасы өзінің ойын,
уставнокасын, көзқарасын дұрыс деп айтып, ал баланың
ойын дұрыс емес дейтін болса, баланың миында «маған
ұқсамайды, маған ұқсамағанға сенім артуға болмайды,
алшақ болу керек» деген қорғаныш функциясын
қосылады. «Менің ата-анам мені естімейді, түсінбейді,
олар мүлдем басқаша ойлайды, олардың көзқарастары
ескі» деп ренжитін болады. Және реніштің артынан ата-
анамен сыр бөліспеу, жақын болмау да жүреді. Бұл НЛП
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |