Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет153/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
248 
Енені түсіну үшін не істеу керек? 
 
Неге кейбір енелер шекараны жиі 
аттайды? Бірінші себебі-сізді ренжіту, 
кемсіту, басыну, сізді орныңызға қою емес. 
Басты себеп бұл емес. Тіпті сіз жаман келін 
болғандықтан да емес. Ене дәл сіз сияқты 
адам. Ал бір адамға норма емес нәрсе екінші 
адамға норма болуы мүмкін. Біріншіден, 
енеңіз біреудің шекарасын аттауы-оның жеке бас 
тәрбиесінен. Біздің біреудің көңіліне қарайтынымыз, 
шекараны аттамауымыз, сыпайы болуымыз-бала кезде 
бізге дәл сондай қатынас көрсеткендіктен ғана, және бізге 
соны үйреткендіктен. Өскен кезде кім біреудің шекарасын 
қалыпты жағдайда аттайтын болса, онда сол адамның 
шекарасын кішкентай кезде ата-ана, үлкендер өте жиі 
аттаған деген сөз. Сіз күйеуіңіздің телефонын ақтарсаңыз, 
сіздің телефоныңызды кішкентай кезде анаңыз ақтарған 
болар. Яғни сіздің шекараңызды ешкім сақтамаған
сондықтан сіз бұны саналы түрде дұрыс емес деп 
ойласаңыз да, сіздің бейсанаңыз үшін бұл қалыпты жағдай. 
Және қанша жерден өзіңізді басқаруға тырыссаңыз да, 
бұны өзгерту сізге қиын болады. Мүмкін, әрине, бірақ ол 
адамның тек өзіне ғана байланысты дүние. Дәл солай 
енеңіз жайлы да айтуға болады. Кішкентай кезінде 
енеңізбен ата-анасы өте қатты сөйлескен болар, ойын 
сұрамаған, қатты басқарған, келін туралы ойын 
қалыптастырған, кемсіткен, бір сөзбен кішкентай кезде 
енеңіздің балалық шағы керемет бақытқа толы болып 
өтпеген болар. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
249 
Ененің неге дәл қазір сізге сондай қатынас көрсететінін 
түсіну үшін енеңізге бала кезі туралы сұрақтар 
қоюуыңызға болады. «мам, сіздің анаңыз қандай адам еді? 
Қатты ма, жұмсақ па, жақын едіңіздер ме? Сіз бала кезде 
кіммен көп уақыт өткізетінсіз? Әкеңізге жақынсыз ба? 
Оқуыңызға көңіл бөлетін бе еді? Сырласатынсыздар ма? 
Көп ұрысатын ба? Қазір қатынастарыңыз қандай? 
Сағынасыз ба анаңызды?» осы сияқты және басқа да анасы 
туралы, әкесі туралы сұрақтарды қойсаңыз болады, егер 
ата-анасы жайлы сөздері суық, аз, алшақтығын білдірсе, 
онда енеңіздің сізге деген қатынасы неге суық екенін 
бірден түсінуге болады. Біздің адамдарға деген 
жылулығымыз бала кезде ата-анамыздан алған махаббатқа 
тікелей байланысты. Бала кезде әке-шешемен арасы 
алшақтау, суықтау және конфликте толы болса, онда ондай 
бала ересек болғанда сыртқа өзінің мінезін қатты қып
махаббатын көрсете алмайтындай болып өседі. Ондай 
адамды іштей аяу керек. Бала кезі қиын, ата-анасы суық, 
ешкімнен толыққанды жылулық көрмеген болып өсті. Ал 
қазір енеңіздің күйеуімен қатынасы суық болса, онда 
енеңіз сол махаббатты баласынан алуға тырысады. Ененің 
қызғанышы жайлы бөлек тақырыпта қозғаймын, дәл осы 
бетте сізге: енені өзгерту мүмкін емес, ененің жаман 
қатынасы сіздің жаман келін болғандығыңыздан емес
оның бала кездегі ата-анасымен жаман қарым-
қатынасынан екенін түсінуіңіз керек. 
Енеңіз сізге қатты сөйлеп қалса, көңіліңізге тиіп кетсе, 
сіз түсіне алмайтын әрекеттер жасап жатса, енеңізге қарап, 
терең демалып, іштей былай деңіз: «Мен сізді түсінуге 
тырысамын, сіз мені жек көргеннен бұлай істеп жатқан 
жоқсыз, сіздің бала кезіңіз қиын болғандықтан, сізге де 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет