Некеден кейін әйел бақыты
250
осындай қатынас жасағандықтан сіз маған солай жасап
жатырсыз, бұл менің кінәм емес. Сіз іштей жақсы адамсыз,
сіздің жүрегіңіз жұмсақ, сізге махаббат пен жылулық
жетпегендіктен сіз де ешкімге махаббатыңызды көрсете
алмайсыз, сол үшін мен сізге ренжімеймін». Бұл сөздерді
үнемі айтып тұрсаңыз, енеңізге көзқарасыңыз өзгереді.
Енеңізге «неге ол солай жасайды?» деп емес, іштей
аяушылықпен қарайтын боласыз. Және тағы бір кеңесім
бар. Енеңізді көрген сайын іштей ол үшін дұға етіңіз. Біреу
үшін дұға ету-ол адам үшін қамқорлық көрсету, оны аяу,
іштей жақсы көруді білдіреді. Дұғаңызда «Аллаһым,
енемнің жүрегін жұмсарта гөр, мен енемді қанша
ұнатпасам да тек сенің разылығың үшін жақсы көремін.
Маған енемді қабылдауға, сенің разылығың үшін жақсы
көруге күш бере көр. Енемнің пейілін тазартып, маған
көзқарасын жақсартшы, арамызды жақындатшы» деген
сөздер болсын. Күнде дұға етуді әдетке айналдырсаңыз,
кішкене уақыттан кейін енеңізбен қарым-қатынасыңыз
жақсара бастайды. Аллаһ Тағала дұғаны қабыл етуші және
жүректерді жұмсартушы.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
251
Енеге қалай ренжімеуге болады?
Көп жағдайда әйел адам төркінін, өзінің
жағын ғана отбасым деп көреді. Өз жағына жылы
сөздер айтып, алыпқашпа ойда болады. "Анам
маған қарсы сөйлей алады, ол мені туды, мені
өсірді. Ал енем, ол мені туған жоқ. Оның маған
қарсы сөйлеуге құқығы жоқ" дейді. Бұл менің отбасым, ал
бұл күйеуімнің отбасысы деген екі бөлетін шекарасы
болады. Біз бұл шекараны айыра білуіміз керек. Кім біздің
шекарамызға кіре алады? Ал кімнің біздің шекарамызға
кіруіне болмайды? Тұрмысқа шыққан соң қаншама адамға
жағу керек болады. Ата-ене, қайын апа, қайын сіңлілер,
қайын жұртқа, тіпті көршілеріне де жағу керексің. Бұл
біздің қазақи стереотип. Көп жағдайда әйел адамдар қайын
жұртқа жағынып керек емес дейді. Кейбіреулері керісінше
ойлайды. Осылай екі түрлі ойды таратады. Қанша адам
болса, сонша пікір. Шындығына келсек, сіз өзіңіздің
шекараңызға жолдасыңыз, енеңіз, қайын жұртыңыз кіреді
ма деген ойды анықтап алуыңыз керексіз. Өзіңіз үшін
шешу керексіз. Салыстырып көріңізші, өзіңіздің туған
ағаңыз сізге сөйлесе, ренжітіп қойса, сіз онымен бір-екі
ренжісетін шығарсыз, бірақ одан кейін тез ұмытасыз.
Көңіліңізде ұзаққа дейін реніш қалып қоймайды, себебі ол
сіздің отбасыңыз, себебі отбасыңызға шекараңызды «по-
свойский» аттауға болады. Ол сіздің жақын адамыңыз.
Анаңыз ұрысса да солай ренжіп, бірақ ұмытып кетесіз. Ал
егер күйеуіңіздің туыстары жаман көзқарасын көрсетсе,
кішкентай бір сөз айтып қалса, сіз соны көңіліңізге бірден
алып қаласыз. Сөз де қайтармайсыз, ұрыспайсыз,
шекараңызды қорғамайсыз, бірақ өзіңізді жегідей жеп,
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: |