Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
257
сөйлесе, «иә, сіз үйреткендей кірді түске бөлдім, градусын
қойдым» дей аласыз. Сонда енеңіз өз ақылына өзі критика
жасағысы келмейтін болады.
«Тамағың тұзды, ащы, сулы» десе, оның бұл
сөзінің астарында «мен тамақ жасасам, дәмді
болады. Мен жақсырақпын» деген ойы болады.
Бұл ойлардың да бастапқы
себебін сіз білесіз
ғой, сондықтан енеңізге ашуланбайсыз, тек оны
аяп, дұрыс сөздермен жауап қайтарасыз. «иә, сізден сұрап
көру керек еді дәмі қандай деп, осы жолы ұмытып кеттім»
деңіз. Ал тамақ жасағанға ылғи критика айтатын болса,
тамақты істемей тұрып енеңізге мұқтаждығыңызды
көрсете бастаңыз. «қандай
тамақ істейін, тұзын көре
салыңышы, суы жеткілікті ме» деп сұрап, енеңізге мастер
класс көрсетуіне мүмкіндік беріңіз. Ылғи бұлай жасағыңыз
келмесе, ештеңе етпейді. Бірнеше мәртеден кейін енеңіз де
«өзің істеші» деп айтуы мүмкін. Солай айтса, демек дайын
тамаққа критика да айта алмайды. Себебі сіз оның көмегін
сұрағанда, өзіңіздің тамақты аса тұздап жіберетініңізді
алдын ала ескертіп қойдыңыз.
Бұл ойынды ойнағанда
өзіңізді төмен сезініп
қалмаңыз, бұл жәй ғана енеңізге көмек. Оның травмасына,
оның біреуге қажет екенін сездіруге, оның бағасы әлде
қайда жоғары екенін көрсетуге көмек. Сіз игі іс істеп
жатырмын деп ойлаңыз.
Өзіңіз жайлы өзіңіз ғана
шындықты білесіз. Бұл ойыннан өзіңіздің түкке
тұрғысыздығыңызды сезе бастасаңыз, сізге өзіңіздің
самооценкаңызбен жұмыс жасау қажет. Ол үшін кітаптың
«самооценка» бөлімін мұқият оқып,
практиканы
орындаңыз.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Достарыңызбен бөлісу: